Басты міндет – қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру

Сұхбат
02.12.2025, 09:30
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Айдын Сеитбенбетовпен сұхбатымыз қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басты фактор адам өмірі, тасымалдау процесінде туындаған келеңсіз жағдайлардан төнетін қауіп-қатер, экономикалық шығындар, т.б. мәселелерді қозғады.

– Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бастысы қандай талаптар сақталуы тиіс? Тасымалдау процесінде тіркелген пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін бұзу фактілерінің негізгі себептерін атап өтсеңіз.  

– Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тұтастай бір жүйе. Темір жолда әрбір маманға жүктелетін міндеттер мен қойылатын талаптар бар. Сол нұсқаулар орындалуы тиіс. Жол жөндеушіден бастап, вагон қараушы, машинист, электромеханик, инженер, тағы басқа қаншама кәсіп иесі... бірінің жұмысының нәтижесі екіншісінікіне тікелей әсер етеді. Сондықтан салғырттыққа жол беруге еш болмайды, екінші сала зардап шегуі мүмкін. Міне сол үшін күнделікті барлық құрылымдық бөлімшелерде кезекті ауысымға түскен теміржолшыларға нұсқаушылар жұмыс процесін, тиісті еңбек қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруден, нұсқама беруден бастайды. Кез келген маман теориялық, практикалық тұрғыда орын алуы мүмкін оқыс жағдайларда дұрыс шешім қабылдап, нұсқауға сай әрекет етуге дайын тұруы керек. Биыл біз филиалға қарасты құрылымдардан 121 адамды біліктіліктерін арттыру курстарына жіберуді жоспарлап, бүгінге дейін барлық маман білімін жетілдірді.  

2025 жылдың 10 ай, 24 күнінде филиал бойынша пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін бұзудың 8 жағдайы тіркелді. Өткен жылы есепті кезеңде 6 оқиға орын алған болатын. Барлық жағдайға қатысты талдау-мониторинг жұмыстарын жүргізу арқылы түпкі себептерді анықтадық. Тасымалдау процесінде бұзушылықтардың қайталану фактілерін болдырмау үшін түпкі себебін анықтау аса маңызды.  

Орын алған бұзушылықтардың ішінде 2 жағдай маневрлік жұмыстар кезінде болған. Бір жағдай наурыз айында Жиделі станциясының Шу – Шығанақ учаскесінде тіркелді. Сағатына 12 км/ сағат жылдамдықпен келген электровоз станция қызметкерлерінің қателігінен жолдан шығып кеткен. Ал қараша айының басында Бурыл станциясының Тараз – Жаңатас учаскесінде 3 вагонды құрамнан ағыту маневрлік жұмыстары кезінде вагон тұйық призмаға соқтығысқан. Бұған пойыз құрастырушының тиісті орында болмауының салдары себеп болған. Орын алған оқиғалардың бәріне талдау жасалып, түпкі себептері анықталды. Айталық, жыл басындағы Тараз – Жаңатас учаскесінде пойыздың тоқтап қалуына тепловоздың дизель картеріндегі қысымның жоғары болғаны әсер еткен. Қарашадағы екі жағдайда локомотивтердің ақауынан пойыз жолда қалған. Қосымша басқа локомотивтің көмегімен жол ашылғанымен, бірталай жүк және жолаушылар пойызы кестеден кешікті. Барлық бұзушылықтың себеп-салдары сараланып, тиісті шаралар қабылданды.  

– Жол үсті болған соң, тосын жайттар да кездеседі. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтың алдын алып, теміржолшылар қырағылық танытқан, қатердің алдын алған жағдайлар болды ма?  

– Өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, қырағылығының арқасында келеңсіздіктің алдын алған мамандарымыз баршылық. Жамбыл локомотив пайдалану депосының электровоз машинисі Марат Абызов «Ақтөбе – Алматы» бағытындағы №34 жолаушылар пойызындағы жолаушылар өмірін сақтап қалғаны үшін Мемлекет басшысының жарлығымен «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттағанын білесіздер. Кәсіби шеберлігі мен төтенше жағдай кезінде шұғыл шешім қабылдаған машинист Аспара – Шу учаскесінде теміржол өткелінің үстінде трактордан ажырап қалған тіркемеге 2 метр қалғанда пойызды шұғыл тоқтатып үлгерген болатын.  

Өткен жылы ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосының Шу станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінде вагон қараушы Төрехан Чолпанқұлов жүк пойызының вагонынан ақау тауып, үлкен қауіптің алдын алды. Мұндай жауапты да қырағы мамандарды ынталандырып, марапаттап отыруды назардан тыс қалдырған емеспіз.  

– Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын алу жұмыстарының нәтижесі қандай?  

– Тасымалдау процесіне кедергі келтірген оқиғаларға дер кезінде талдау жасаудың пайдасы көп. Мониторинг қорытындысына қарап, ықтимал қауіптің қайдан туындауы мүмкін екенін, қай бағытта бақылау мен қадағалауды күшейту қажет екенін таразылаймыз. Бұдан бөлек, көктемгі-күзгі байқау кезінде бірқатар олқылықтың алдын алуға болады. Мысалы биыл күзгі комиссиялық байқау қорытындысы бойынша пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау мақсатында маневрлік операциялар кезінде дұрыс ресімделмеген құжаттамалардың бары анықталды. Бұйрықтар мен жазбалардағы деректер сәйкес емес. Дабыл және байланыс құрылғыларының дұрыс жұмыс істемейтіні, радиобайланыстың жай-күйі қанағаттанарлықсыз екені белгілі болды. Ескерту жасалған, бірақ олар уақытылы жойылмаған. Станция басшылығына қатаң талап қойылды.  

Бұл кемшіліктер еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтардың орын алуына әкеліп соғады. Біздің міндет – қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру. Әкімшілік бақылау төмендегенде қауіп-қатер ықтималдығы артады. Орын алған жағдайларға жүргізілген талдаулар осыны көрсетіп отыр.  

– Қауіпсіз орта қалыптастыруда, қауіп-қатердің алдын алуда моральдық, материалдық жағдайларды жақсартудың да септігі аз емес. Бұл бағытта қандай іс-шаралар жоспарланған?  – Алдымен ағымдағы мәселелерді шешу керек. Желілік, өңірлік деңгейде персоналдың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне баса назар аударамыз. Төртінші тоқсанда өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша арнайы айлық ұйымдастырып, өткіздік. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына әсер ететін себептердің алдын алу және жою, маневрлік жұмыстарда туындайтын тәуекелдерге қатысты қажетті шаралар қабылдадық. Вагондар мен локомотивтерді жоспарлы жөндеуден кейін қабылдау кезінде талаптарды күшейттік. Оқытудың жаңа әдістерін, оның ішінде іскерлік ойындарды, тренингтерді, себеп-салдарлық диаграммаларды, ситуациялық схемаларды, бейнесюжеттерді пайдалана отырып, техникалық сабақтарды өткізудің жаңа әдістерін қолдануға көштік.  

Тағы бір маңызды қадам – Тараз – Түлкібас учаскесінде съездер салу. Қазіргі уақытта Маймақ, Күркіреусу, Сурым, Шақпақ, ОП-115 станцияларында диспетчерлік съездердің болмауына байланысты жолаушылар пойыздарын жүк пойыздарынан бұрын өткізіп жіберу мәселесі қиындық туғызуда. Аталған станцияларда съездер салу жүк ағынын неғұрлым ұтымды пайдалануға және реттеуге, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымы объектілеріне жөндеу жүргізу кезеңінде пойыздар қозғалысын ұйымдастыруды жақсартуға мүмкіндік береді. 

– Сұхбатыңызға рахмет!  

 

Жүк тасымалы
13.12.2025
ҚТЖ жүк айналымы құрылымында транзиттік тасымалдар 10% алады
Жаңалықтар
12.12.2025
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісі Сарыағаш станциясы жүктемесін 40% төмендетеді
Әлемде
12.12.2025
Қытайлар Африкадағы ең ұзын теміржол көпіріне рельс төсеуді аяқтады
Аймақтар
12.12.2025
Қызылжар станциясындағы локомотив бригадаларының демалыс үйіне күрделі жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
12.12.2025
Үздік инноваторлар анықталды
Аймақтар
12.12.2025
Темір жол ревизорларының жұмысы: биыл ауыр апаттар тіркелмеді
Жаңалықтар
12.12.2025
ҚТТ: Стратегиялық басым бағыттар
Жаңалықтар / Мұрағат
12.12.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №103 12 желтоқсан 2025 жыл
Жаңалықтар
11.12.2025
Ауа райы нашарлаған кезде ҚТЖ пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар енгізеді
ҚТЖ келбеті
11.12.2025
Машинистен профессорға дейін: Ибрай Бисалиевтің еңбек белестері
Аймақтар
11.12.2025
Күзет қырандарына құрмет
Аймақтар
11.12.2025
«TemirSkills – 2025» кәсіби шеберлікті шыңдайды
Жолаушылар тасымалы
10.12.2025
Жаңа жыл қарсаңында қала маңы пойыздары қосымша 3 мыңнан астам жолаушыны тасымалдайды
Жаңалықтар
10.12.2025
ҚТЖ-да Alstom-ның қатысуымен жыл сайынғы техникалық семинар өтті
Сұхбат
10.12.2025
Мүмкіндігі мол мұнайлы аймақ
Жаңалықтар
10.12.2025
ҚТЖ-да XIV республикалық жастар форумы басталды
Әлемде
10.12.2025
Қытай ЖТС бойынша жүкті экспресс-жеткізудің жаңа сервисін іске қосты
Инфрақұрылым
09.12.2025
Президент тапсырмасы бойынша ҚТЖ 4 мың шақырымнан астам темір жолды жөндеді
Жүк тасымалы
09.12.2025
2025 жылдың 10 айында теміржол көлігімен 380 млн тоннадан астам жүк тасымалданды — Көлік министрлігі
Жүк тасымалы
09.12.2025
Қытайға теміржол экспорты 11%-ға өсті