Пойыз құрастырушыдан – станция бастығына дейін

Сұхбат
31.08.2019, 16:53
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол көлігіне бүкіл өмірін арнап, саланың өркендеуіне қомақты үлесін қосып жүрген азаматтар мұнайлы өңірде аз емес. Солардың бірі – Атырау станциясының бастығы Алтай Көбегенов. Еліміздегі мұнай тасымалының басым бөлігін қамтамасыз етіп отырған станция жұмысына басшылық жасап отырған теміржолшының портреті ҚТЖ бас ғимаратындағы Құрмет тақтасында ілулі тұр.

– Алтай Азанқұлұлы, сіздің пойыз құрастырушыдан бастап бөлімше басшылығына дейін өскен еңбек жолыңыз жас теміржолшыларға тұтас бір өмір мектебі болмақ. Әрине, бұл биікті бағындыру оңай болмағаны сізге ғана аян.

– Рахмет, әрине, бірақ менің өмір жолым өзім секілді жүздеген замандастарымның өмірбаянына өте ұқсас, артық ештеңесі жоқ дер едім. Теміржолда жұмысты ең төменгі қара жұмыстан бастап сатылап көтерілу дәстүрі – атам заманнан қалыптасқан дәстүр. Мен мектептен соң біраз уақыт Ақтөбе темір жол бөлімшесіне қарасты №142 бекетте кезекші болып жұмыс жасадым. Сосын Алматы теміржол көлігі инженерлері институтына «Темір жол көлігін ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша оқуға түстім. Өзім теміржолшылар отбасынан шыққанмын, теміржолда жұмыс жасап, ненің не екенін түсініп қалғандықтан оқу да маған аса қиын болған жоқ, диплом алып, жолдамамен Атырауға келдім. Атақты династияны жалғастырушы жоғары білімді маған берген жұмыстары пойыз құрастырушының көмекшісі болды. Оған арланған да, қорланған да жоқпын, себебі ол кездегі тәртіп сондай, Құлсары станциясында еңбек еттім. Пойыз құрастырушы бола жүріп, дөңес кезекшілігіне ауыстым. Бұл екі жұмыс та оңай емес, бірі вагондарды сұрыптап, әр вагонның басына бір шауып жүрсең, бірінде дөңестен ылдилаған вагондарды жіті қадағалап отыру керек, мүлт кетуге болмайды, қырағылық қажет. Үнемі мұқият болуды дағдыға айналдырдым. Содан маневр, пойыз диспетчері, бас инженер, Мақатта станция бастығы лауазымдарын атқардым. Сол жылдарда мол тәжірибе жинақтап, кәсіби маман дәрежесіне жеттік.

– Атырау жол бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары қызметін абыроймен атқарып, өмір бойына жинаған тәжірибеңізді басшылық лауазымда тиімді пайдалана білгендігіңізден хабардармыз.

– 2010-2014 жылдары төрт жылдай Атырау жол бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары болып қызмет атқардым. Мақат ауданы мәслихатының депутаты болып, ауданның күрмеулі деген әлеуметтікэкономикалық мәселелерін шешуде де атсалысқан кездер болды сол жылдары. Сосын қозғалысы көп, жұмысы күрделі Атырау станциясының бастығы болып тағайындалдым. Оған да, міне, бірнеше жылдың жүзі өтті...

– Бүгінде Атырау станциясының мүмкіндігі, жұмыс ауқымы қаншалықты өсті?

– Бұл күндері Атырау станциясында вагондардың жөнелтілуі 5 бағытта жұмыс жасайды. Ақсарай түйіспесіне – үш бөліктен тұратын вагондар (жоғары Басқұншақ, Астрахань, Грузия, Әзербайжан республикалары жолдарына), Мақат бағытында (Орта Азия, Маңғышлақ түбегіне, Қандыағашқа), Ақжайық және Теңдік станцияларына республикаға маңызы бар Атырау мұнай өңдеу зауытына бос және жүк тиелген вагондар сұрыпталып жеткізіледі. Махамбет станциясына – «Ақтөбемұнайгаз», «Қазмұнайгазсауда», «Батыс Риал Сервис» компанияларының атына Оңтүстік, Батыс аймақтарынан шикі мұнай өнімдерімен келген вагондарды сұрыптап, уақытында дайындап жеткізіледі. Мұнайлы өңірдің маңызын арттырған темір жол аймақты ілгері сүйреп, ондағы барлық кәсіпорындармен қоян-қолтық еңбек етуде. Станцияда ұзындығы 1250 метр болатын 9 қабылдапжөнелту жолы, 6 сұрыптау жолы, аз қуаттағы дөңес іске қосылды. №26, №27, №35 үш тартымдық жол бар. Станциядан жүк пойыздарымен қатар, жергілікті және халықаралық жолаушы пойыздары да өтеді. Жүк тасымалы бойынша станция жоспар межесінен шығып, тасымал тасқынын арттыруда.

– Ұжым туралы не айтасыз?

– Атырау станциясы – өлкедегі байырғы еңбек ұжымы, абыройлы да беделді ұжымның бірі. Бүгінде ұжым мүшелері біраз жаңарды, жастар көп. Солардың жас жігерімен станция алға жылжып келеді, бірақ аға буынның тәжірибесінен бас тартқан жеріміз жоқ, кешегі қиын-қыстау жылдары теміржолды тығырықтан алып шыққан аға буынның еңбегі біз үшін қашан да құнды.

– Сіздің осыдан он жыл бұрын «Құрметті теміржолшы» белгісімен, ал 2005 жылы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғаныңызды білеміз. Еңбегіңіз бағаланып жатыр, атақ, абыройыңыз да жеткілікті. Әйтсе де, өміріңізді теміржолға арнағаныңызға кейде өкінбейсіз бе?

– Жоқ, еш өкінбеймін. Әкем де, анам да 45 жыл теміржолда жұмыс жасап, зейнеткерлікке шыққан жандар. Мен сол ізді жалғастырушымын. Заңды. Егер сіз теміржолшылар әулетінен шықсаңыз басқалай болуы мүмкін емес екенін түсінесіз. Менің де отбасымда екі ұл, бір қызым бар. Кенже ұлым бүгінде Махамбет станциясында пойыз құрастырушы болып еңбек етуде. Ол – менің ізбасарым. Біздің әулет үшін теміржол – өмір жолымыз.

– Әңгімеңізге рахмет!

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды