ҚТЖ қызметкерлердің білімін жетілдіруге арналған «Мүмкіндік» жаңа оқу курсын әзірледі

Любовь Ровба

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

«ҚТЖ» ҰК» АҚ HR командасы қызметкерлердің  өзін-өзі жетілдіруіне, бизнесте бағын сынап көруіне, жаңа әдістерді меңгеріп, тәжірибе жинауына мүмкіндік беретін «Мүмкіндік» жаңа оқу бағдарламасын әзірледі деп хабарлайды Rail-news.kz

Бағдарламаның мақсаты – теміржолшылардың компаниямен еңбек шарты тоқтатылған жағдайда олардың басқа кәсіпке бейімделу процесін жеделдету  үшін пайдалы білім ресурстарымен қамтамасыз ету.

"Мүмкіндік" бағдарламасы қазақ және орыс тілдерінде онлайн оқытудың үш модулін қарастырады: "Бизнес", "ізденуші" және "Soft-бағдарламалар". Олардың әрқайсысы өзекті тақырыптар бойынша вебинарлар сериясын қамтиды.

Бірінші модуль өз ісін ашуды және болашақта бизнеспен айналысуды жоспарлап отырғандарға арналған. Шаруаны  неден бастау керек, қайда жүгіну керек, бизнес-жоспарды қалай құру керек, қаржылық сауаттылық пен маркетингтің негіздері – барлық қажетті ақпарат курста ұғынықты түрде баяндалады.

"Ізденуші" модулі компаниядан тыс жұмыс іздейтін қызметкерлер үшін қажет. Мұнда олар түйіндемені дұрыс толтыруды, сұхбатқа дайындалуды үйренеді.  Сонымен қатар, кешенді вебинар жұмыссыздарды мемлекеттік қолдау шаралары, жұмыспен қамту орталықтары және олар көрсететін қызметтер, өңірлер бойынша сұранысқа ие мамандықтар туралы хабардар етеді.

"Soft-бағдарламалар" модулі уақыт талабына сай өзгерістерден хабардар болуға, екіұдайы сәттерде өз-өзін  ынталандыруға, стрессті жеңуге, мақсат қоюға және нәтижеге қол жеткізуге үйретеді.

- Бастапқыда "Мүмкіндік" бағдарламасы "ҚТЖ "ҰК" АҚ қызметтен босатылатын персоналға  арналған болатын,  бүгін біз бұл саланың әрбір қызметкердің өз бизнесін ашуына, қаржы жағынан тәуелсіз болуына мүмкіндік беретінін түсінеміз,-деп атап өтті "ҚТЖ "ҰК" АҚ HR бизнес-серіктесі Алма Саулебаева.

Жалпы курс қашықтықтан оқыту және тестілеу жүйесіне жүктелген және оңтайландыруға түсетіндерге қол жетімді. Қалған қызметкерлерге оқу бағдарламасы әр апта сайын жұма күндері ұсынылатын болады, 2022 жылғы 4 ақпанда "кәсіпкердің құқықтық сауаттылығының негіздері. Бәрін қалай дұрыс жасау керек?" деген деген тақырыпта қазақ және орыс тілдерінде дәріс басталып та кетті.

- Жүйе қанша адам оқу мүмкіндігін пайдаланғаны туралы есеп береді. Осы мәліметтер негізінде біз жоба тақырыптарын жетілдіру және жаңарту үшін кері байланысты сұрайтын боламыз, – деп қорытындылады Алма Саулебаева.
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады