Қойылған міндет: 365 күнді жарақат алмай өткізу

Жаңалықтар
05.07.2022, 13:07
Любовь Подоляк

Алматы қаласында «2022 жыл – жарақат алмай өтетін жыл» деген тақырыпта екі күндік семинар өткізілді. Оған жол бөлімшелерінің бас инженерлері, өндірістік қауіпсіздік және экология қызметтерінің қызметкерлері қатысты. Көлік прокуратурасы, көліктегі СЭҰ өкілдері және еңбек бойынша мемлекеттік инспекторлар шақырылды.  Іс-шара «Самұрық-Қазына» АҚ жариялаған «Қауіпсіздік және еңбек қорғау жылы» аясында ұйымдастырылды. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері – техникалық саясат департаменті директоры Батыр Котырев компанияда соңғы 10 жылда болған барлық қайғылы жағдайларға талдау жүргізілгенін атап өтті. Сосын қауіпті күшейтумен байланысты жұмыстар тізімі жасалды. 

2020 жылдан бері компанияда «Өндірістік қауіпсіздікті басқару бойынша біріктірілген жүйе» сандық мобильді платформасы енгізілген. Өндірістегі қайғылы жағдайлар туралы теміржолшыларға  push-хабарлама арқылы ұялы телефонмен ақпарат беріледі. Бұл жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін еске салу үшін жасалады. Сонымен қатар жүйе әрбір жұмысшыға қауіпті еңбек жағдайы, әлеуетті қауіпті оқиғалар мен қауіпсіз емес жұмысты тоқтату туралы айтуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі мобильді қосымша арқылы тіркеліп, автоматты түрде компания басшылығына жеткізіледі. Жыл сайын әлеуетті-қауіпті оқиғаның алдын алған белсенді және мұқият теміржолшыға отбасылық туристік жолдама үшін 3 млн теңге көлемінде сыйақы төленеді. 

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-дегі өндірістік жарақат алуды ескертуге және еңбек жағдайы мен қорғауды жақсартуға бағытталған негізгі шаралар туралы серіктестік бас директорының орынбасары Марлен Көкірекбаев айтып берді. 

Сонымен пилоттық режимде «Smart  ВЧД (вагон пайдалану депосы)» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы вагон деполары полигондарында сыналды. Мақсаты – вагон қараушылар мен вагон операторларының барлық жұмыс процесін цифрландыру. 

Жоба вагон қараушыларды қағазбастылықтан босатуға мүмкіндік береді. Мобильді қосымшада жылжымалы құрамды тексеру кезінде анықталған ақаулар фото-деректерін енгізе отырып тіркеледі және вагон операторының порталына жолданады. «SmartВЧД» уақытты үнемдеп, туындаған мәселелерді жедел шешуге, деректерді беру кезінде қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді. 

«Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖЭДТ) қызметін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жерде сөз машинистерге арналған мобильді қосымша енгізу, локомотивтердің борттық электронды журналын жасау және басқа да мәселелер туралы болып отыр. Негізгі мақсаты – локомотив бригадаларының жұмысын жеңілдетіп, еңбек тиімділігін арттыру. 

- Жұмыс орнында болатын қайғылы жағдайлардың барлығының да алдын алуға болады. Аталған шараларды жүзеге асыру өндірістік жарақат алушылықты мүлдем азайтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Марлен Көкірекбаев. 

Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда