Астана-1 вокзалында тырысқақ ауруының алдын алу жаттығуы өтеді

Жаңалықтар
31.05.2023, 10:40

31 мамыр күні Астана-1 теміржол бекетінде тырысқақ ауруының белгілері бар науқас анықталған жағдайда орындалуы тиіс іс-шараларды пысықтау жаттығулары жүргізіледі, деп хабарлайды Rail-news.kz Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Әлемдегі карантиндік және аса қауіпті инфекцияларға, атап айтқанда тырысқаққа қатысты шиеленіскен эпидемиологиялық жағдайға байланысты 31 мамырда Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласының медициналық ұйымдары және теміржол кәсіпорындарымен бірлесіп, тырысқақтың таралуын болдырмауға арналған жаттығу өткізеді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – Астана-1 бекетінде жолаушылар пойызында және теміржол вокзалында төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылған қызметтердің әзірлігі мен өзара іс-қимылын бағалау, аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды тіркеу, атап айтқанда жолаушылар пойызында тырысқақ ауруын анықтау кезінде, төтенше жағдайларда санитарлық-эпидемиологиялық және эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруды пысықтау.

Адамзат тарихында тырысқақтың 7 пандемиясы болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Африка, Азия және Кариб теңізіндегі 24 ел індеттің өршуі туралы хабарлады. 4 айда әлемде 86 мыңнан астам адам ауырып, 1 600-ден астам адам қайтыс болды.

Апта сайын Қазақстанның мемлекеттік шекарасын 70 мыңға жуық жолаушы кесіп өтеді, оның 16 мыңнан астамы бірқатар аса қауіпті және карантиндік инфекциялар, соның ішінде тырысқақ ауруынан зардап шеккен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті