Өткел кезекшісі автокөлік пен пойыздың соқтығысуының алдын алды

Жаңалықтар
02.06.2023, 10:48

Ақтөбе магистральдық бөлімшесінің жол дистанциясындағы өткел кезекшісі Аслан Хасанов жақындап қалған пойыздың жолын бөгейтін белгі қойып, сол арқылы пойыздың автокөлікпен соқтығысуына жол бермеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін оқиға Ақтөбе-2 станциясының күзетілетін өткелінде болған.  

 «Бұл оқиға кешкілік уақытта нағыз автокөліктер нөпірі көп болатын кезде болды. Тура өткелде екі жеңіл автокөлік соғылып қалды. Пойыз жақындап келе жатқанын көрсетіп қанша рет белгі берсем де оған көлік жүргізушілері назар аудармады. Жолды босатып, оларды екі жаққа таратуға барынша талпынсам да одан түк шықпады, - дейді Аслан Хасанов.  

Осы уақытта теміржол өткелі жолын жүк көлігінің де кесіп өткелі тұрғаны жағдайды одан сайын ушықтырды. Қауіптің қаншалықты үлкен екенін түсінген Аслан Хасанов келе жатқан пойыз құрамын тоқтату үшін жолды бөгеу белгісін қосуға шешім қабылдайды. Ол өзінің әрбір іс әрекетін станция кезекшісіне айтып отырған, ал кезекші келе жатқан пойыз машинисімен байланысқа шықты. Осылайша теміржолшының жедел әрекетінің арқасында өткелде болуы мүмкін үлкен апатқа жол берілмеді.  

  Аслан Хасановтың теміржолда жұмыс істеп келе жатқанына 27 жыл болған, соның 25 жылында ол жол монтері болып еңбек етті. Әріптестері оны өз ісіне жауапты, білгір әрі еңбекқор жұмыскер деп бағалайды.  

«ҚТЖ» ҰК"АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы басшылығы Аслан Хасановты сыйақыға ұсынды.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті