Жамбыл облысындағы ауа-райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына әкеліп соқтырды. Осыған байланысты Ақтөбе станциясынан жүретін №34 Ақтөбе-Алматы-1 пойызының жүрісі а.ж. 16 желтоқсан күні уақытша 1 күнге тоқтатылады. Бұл құрам кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр.

 

Жоғарыда көрсетілген бағытқа билет сатып алған жолаушыларға 100% мөлшерде ақшалай қаражат қайтарылады.

Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

 

Қосымша ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» бот жеделхатынан алуға болады.

 

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарының аумағында қатты жел мен аяздың салдарынан 14 желтоқсанда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.