Теміржолшылар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмектесуде

Жаңалықтар
07.04.2024, 16:01

Қапшағай станциясынан Шұбарқұдық станциясына теміржолшылар қысқа мерзімде көтергіштігі 20 тонна болатын ерекше жүк - понтондық-көпір паркін жеткізді.  

Оны тасымалдауға 12 платформа тартылған. Жүктің құрамына 9 бірлік техника кірді: шынжыр табанды жүрістегі қалқымалы транспортер, қайықтар, үрлемелі қайық және басқалар. Әскери қызметшілердің жеке құрамы үшін арнайы вагон берілді. Жүк ҚТЖ желісі бойынша жүктерді жеткізудің нормативтік мерзімінен 4 есе асып, 48 сағат ішінде 2370 км жол жүріп жеткізілді. Ойыл ауданында көлік қатынасын қалпына келтіру және адамдарды, жануарларды, гуманитарлық жүктер мен техниканы тасымалдау үшін Ойыл өзенінің бойында 60 тоннаға дейінгі жүктемеге төтеп беретін құрылым орнатылған.  

Автожолдың шайылып кетуіне байланысты тұрғындар мен азық-түлікті Атасу кентіне аудан орталығынан және кері қарай теміржол арқылы жеткізу ұйымдастырылды.    

Аягөз станциясынан Таңсық ауылын су басу қаупін болдырмау үшін темір жол арқылы фронтальды тиегіш жөнелтілді. Семей бөлімшесі арнайы техникамен жүктелген платформаны жедел жеткізуді ұйымдастырды.  Су басу қаупі төнген Ақмола облысы Атбасар ауданы Ягодное ауылының тұрғындарын эвакуациялау үшін жүрісі жоғары жолаушылар автокөлігі берілді. Қапшағай станциясынан Алматы облысынан Орал және Атырау қалаларына 200 тоннадан астам гуманитарлық жүк жөнелтілді. ҚТЖ осы жүкті басымдықпен ілгерілету жөнінде шаралар қабылдайды. Орал станциясының қызметкерлері құтқарушылармен бірге бөгетті нығайтуға шықты.  

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі