Теміржолшылар «Қазақтың Ахаңы» атты бейнеролик түсірді

Жаңалықтар
26.04.2024, 10:14
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Көпфукционалды қызмет көрсету орталығы Ақтөбе өңірлік филиалының қызметкерлері «Киноклуб» челленджі аясында «Қазақтың Ахаңы» атты бейнеролик түсірді.  

Ролик ұлт ұстазы атанған қазақтың біртуар ұлы Ахмет Байтұрсынұлына арналды. 3 минуттық шағын ролик кинохикая ретінде түсірілген. Онда Ахмет Байтұрсынұлының басынан кешкен қиын-қыстау тағдыры баяндала отырып, ұлт мұраты жолында жасаған дамылсыз әрекеті насихатталады. Бір айта кетерлігі, роликте қазақтың белгілі тұлғаларының рөлін қарапайым теміржолшылар, филиал қызметкерлері сомдайды және өнерлері кәнігі актерлерден кем түспейді. Филиалдың есеп беру тобының бөлім басшысы, цехтық кәсіподақ комиссияның төрағасы Ардақ Ниязалина осы роликті түсіруге мұрындық болып, қолдау білдірген. Рөлдерді, яғни Ахмет Байтұрсынұлын – Бақдәулет Түнғатаров, Міржақып Дулатовты – Дулат Жаңбырбаев, Әлихан Бөкейхановты – Данияр Бажиков, Ахметтің жарын – Ольга Кошельник, Мұхамедияр Тунганшинды, әрі дикторды Дастан Жұмабай сомдаған. Өзге де қосалқы рөлдерде Азамат Оралбаев, Серік Байтүгелұлы, Зият Нұрлыбек сынды теміржолшылар ойнаған. Сценарийге Қазақстанда Ахмет Байтұрсынұлы туралы тұңғыш түсірілген сериал – «Ахмет. Ұлт ұстазы» кинохикаясының 1,2,3 бөлімінен алынған үзінділер пайдаланылған. Бұл бөлімдерде Алаш қайраткерінің ең алғаш әліппені жазу үстіндегі жарымен әңгімесі, ұлт зиялылары бірігіп қазақты «киргиз» атауынан құтылу үшін газеттің атын «Қазақ» деп қоюын ақылдасқан сәттері суреттеледі.  

Жалпы Көпфункционалды қызмет көрсету орталығының барлық филиалдары компанияда жүзеге асырылып жатқан «Ұлттық сезім» жобасын қолдап, ҚТЖ бойынша әр сәрсенбі күні ұлттық киім кию, ана тілін дәріптеуге қатысты түрлі челлендждерге белсене атсалысады. «Киноклуб» челленджі аясында әрбір сәрсенбіде теміржолылар қазақтың белгілі фильмдерін көріп, талқылайды.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті