«Кіші Түрксіб» пайдалануға беріледі

Жаңалықтар
24.10.2024, 16:46
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Республика күні мерекесі қарсаңында Семей қаласында балалар теміржолының құрылысы толық аяқталды. Алдағы күндерде пайдалануға берілмек. 1995 жылы қаржылық қиындықтарға байланысты жабылып қалған нысан осылайша қайта жанданбақ.  

Өткен айдың басында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы бастаған басшылық құрам Ертіс ортасындағы аралда болып, қайта жаңғырған осынау құрылыстың барысымен танысқан болатын.  

Қазір мұнда Ресейдің Удмуртия өлкесінен әкелініп құрастырылған, заманауи үлгіде жабдықталған вагондар мен тепловоз іске қосылуға дайын тұр. Ұзындығы 12 метр болатын әр вагонда 32 орындық бар. Егер сұраныс арта түсетін болса, алдағы уақытта қосымша вагондар тапсырыспен алынатын болады.  

Бір мезетте 100 бала саябақты пойызбен аралай алады.

Көпір мен биологиялық орталықты алып жатқан екі шақырым аумақты қамтитын теміржол желісінің бойында барлығы 4 бекет орналасқан. Ал жылжымалы құрам жылдың төрт мезгілінде де тұрақты қатынайтын болады. Себебі барлық вагондарда арнайы әзірленген жылыту жүйелері бар.

Аталмыш нысан өңірдегі ішкі туризмді дамыту мақсатында ғана емес, арал мен қала арасындағы жолаушылар қатынасын шешу үшін өткен жылдың жазында қолға алынған болатын. Сарапшылардың пікірінше, жаңа желі өзін толық ақтайды. Ең бастысы, тұмса табиғаты бар аралдың экологиялық ахуалын жақсартуға септігін тигізеді. Болашақта аталған теміржолдың қолданыс аясын кеңейтіп, қосымша бекеттер салу да күн тақырыбында тұр.  

Қазіргі таңда мектеп оқушыларының теміржол мамандығы негіздерін оқи алатын арнайы балалар үйірмесін құру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл бағыттағы барлық іс-шараларды Абай облыстық білім басқармасы жергілікті Семей ЖТ бөлімшесі теміржолшыларымен бірлесіп жүргізбек.

– «Кіші Түрксіб» теміржолының іске қосылуы келешекте теміржол мамандығын игергісі келетін жастар үшін мейлінше қолайлы. Жалпы, ондай үйірме болашақ мамандар үшін тамаша платформа болар еді. Көзделген мақсат – жас буынның теміржолшы мамандығына деген қызығушылығын қалыптастыру. Біз де өз тарапымыздан қолдау көрсетуге дайынбыз,– дейді «Құрметті теміржолшы», Семей жол дистанциясының бастығы Рахат Ботаспаев.

 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?