Желтоқсан мерекелерінде пойыздарда қосымша 43 мыңнан астам орын ұсынылады

Жаңалықтар
13.12.2024, 09:22

Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелері қарсаңында жолаушылардың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыздар енгізді. Олар барлығы 43 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қосымша пойыздар келесі бағыттарда ұйымдастырылады:

№201/202 «Астана – Алматы» пойызы:

Астанадан: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.

Алматыдан: 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2, 5 қаңтар 2025 жыл.

№203/204 «Астана – Шымкент» пойызы:

Астанадан: 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.

Шымкенттен: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2, 5 қаңтар 2025 жыл.

№205/206 «Ақтөбе – Астана» пойызы:

Ақтөбеден: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.

Астанадан: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 3, 6 қаңтар 2025 жыл.

Одан бөлек, мерекелік күндері сұранысы жоғары бағыттарға 688 қосымша вагон тіркеледі, бұл 28 мыңнан астам қосымша орын ұсынуға мүмкіндік береді. Пойыздар стандартты купе және плацкарт вагондарынан құралады.

Аймақтар бойынша қосымша вагондар:

Солтүстік өңірі: 279 вагон – 12 188 орын.

Батыс өңірі: 298 вагон – 12 824 орын.

Оңтүстік өңірі: 96 вагон – 4 256 орын.

2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап қала маңы бағытында 6 вагоннан тұратын 3 қосымша электр пойызы іске қосылады, нәтижесінде 1 123 қосымша орын қамтамасыз етіледі:

№7515/7516 «Астана – Бурабай курорты» күн сайын (сейсенбі және сәрсенбіден басқа).

№7553/6811–6812/7556 «Қарағанды – Астана – Боровое курорты» жұма, сенбі және жексенбі күндері.

№7509/6805–6806/7510 «Павлодар – Астана – Боровое курорты» аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері.

Қосымша пойыздар мен вагондар жолаушыларға қолжетімді орын санын едәуір арттырып, жайлы және қауіпсіз сапарды қамтамасыз етеді.

Билеттер bilet.railways.kz сайтында және вокзалдардың билет кассаларында қолжетімді.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады