Алматыда ҚТЖ және «Туркмендемирёллары» агенттігі өкілдерінің екіжақты келіссөздері өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Тараптар ынтымақтастықты дамыту перспективаларын және Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы теміржол тасымалының тиімділігін арттыруды талқылады.
Екі ел арасындағы тасымалдау көлемі 2024 жылы 1,6 млн тоннаны құрады. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Түркіменстан шекарасында орналасқан Болашақ теміржол станциясындағы біріккен халықаралық өткел пунктінің жұмысын қайта бастау туралы келісімге қол жеткізілді.

Бұл қадам пойыз алмасу процесін жеделдетуге және жүктерді тасымалдауға қажетті тексеру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар екі ел арасындағы тасымалдау көлемін ұлғайтуға бағытталған.