Қазақстан мен Ресей жүк тасымалы үшін жаңа жолдар салуда

Жаңалықтар
30.01.2025, 17:26

Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының екіжақты кездесуінің қорытындысы бойынша көлік саласының қарқынды дамуы және транзиттік дәліздер мен инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды бастамалар туралы айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Кездесуде қаралған басты мәселенің бірі екі ел де белсенді дамып келе жатқан Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің жұмысы. Бұл бағыт Беларусь пен Ресейді Қазақстанмен байланыстырады, содан кейін Түрікменстан арқылы Оңтүстік Кавказға жол ашады.

Сонымен қатар біздің еліміз Ақтау және Құрық порттарының мүмкіндіктерін кеңейте отырып, ресейлік экспорттаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауда. Ресейдің Махачқала портында да тереңдету жоспарлары талқыланды.  

Сондай-ақ министр Қытай, Ресей және Қазақстан арасындағы транзиттік ағындарды дамытудағы маңызды қадам болатын Қытаймен шекарадағы жаңа үшінші теміржол өткізу пункті жобасының перспективаларын атап өтті.

«Өткізу бекеттері бойынша бірлескен жұмысты атап өтпеске болмайды. Біз биыл алты өткізу пунктінде жаңғыртуды бастаймыз. Бұл, әрине, олардың өткізу мүмкіндігін 2 есеге немесе одан да көпке арттырады. Біз Қазақстан Республикасының аумағында да, Ресей Федерациясының аумағында да бір мезгілде жаңғырту үшін жұмысты қатар жүргізуді талқыладық. Осы кезеңде бекеттер жабылмай, белгілі бір қалыпта жұмыс істей алатындай етіп жұмыс істеу тетігін әзірлеу талқыланды», — деп түйіндеді Марат Қарабаев.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады