Астанада ALSTOM компаниясының жаңа сервистік орталығының алғашқы тасы қаланды

Жаңалықтар
29.05.2025, 09:33

Салтанатты шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, Францияның Сыртқы сауда және шетелде тұратын француздар мәселелері жөніндегі министр-делегат Лоран Сент-Мартен, сондай-ақ Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге және т.б. қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сервистік орталық 2023 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ALSTOM компаниясы арасындағы қол қойылған инвестициялық келісімнің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Азамат Панбаев өз сөзінде жоба жергілікті халықты қосымша жұмыспен қамтамасыз ете отырып, өңірдің инфрақұрылымдық дамуы үшін қуатты серпін болатынын атап өтті.

«Alstom компаниясы сервистік қызмет көрсету бойынша жобаларды іске асыру арқылы 4 өңірде 700-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады, оның 400-і Астанада болады. Сервистік қызметтерді дамытуға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 25 млрд теңгеден асады, бұл ретте Астанада сервистік қызметті құруға 14 млрд теңгеден астам қаражат салу көзделген. Бұл елдің өндірістік әлеуетін едәуір күшейтеді және теміржол саласының дамуына елеулі үлес қосады», – деді Азамат Панбаев.

Оның айтуынша, жоба аясында алдыңғы қатарлы роботтандырылған және автоматтандырылған шешімдерді енгізу көзделген, бұл сервистік операциялардың халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Отандық машина жасаудың стратегиялық маңызды бағыттарының бірі – электровоздарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуде оқшаулау деңгейінің өсуі жобаның маңызды қорытындысы болады.

Alstom-ның Батыс және Орталық Азиядағы басқарушы директоры Жером Бойе Қазақстан-Францияның ұзақ мерзімді және нәтижелі  қатынастары туралы айтты, нәтижесінде ұзақ мерзімді перспективаға есептелген және мультипликативтік экономикалық және әлеуметтік әсері бар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкін болды.

«Бұл болашақ қызмет көрсету орталығы тек құрылыс жобасы ғана емес. Бұл Alstom-ның Қазақстан мен Орталық Азияның бүкіл өңірі алдындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің айқын мысалы. Инвестициялар мен жұмыс орындарын құру арқылы бұл қызмет көрсету орталығы таланттарды дамытатын, тәжірибені тереңдететін және ұзақ мерзімді құндылықты қалыптастыратын орынға айналады», – атап өтті Жером Бойе.

Alstom компаниясы Қазақстанның теміржол саласында 2010 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Кәсіпорында 1200 адам жұмыс істейді, компания республиканың көлік және инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосады. Орталық Азия мен Кавказдағы электровоздардың жалғыз өндірушісі бола отырып, Alstom алты қалада 10 өнеркәсіптік нысанды басқарады, оның ішінде Астанадағы электровоздарды құрастыру зауыты мен көптеген сервистік деполар бар.

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті