Жүйелі жұмыстар жалғасуда

Жаңалықтар
22.08.2025, 08:20
Сурет: Үкімет
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үкімет отырысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов компанияның биылғы 7 айдағы қызметі туралы баяндады.

Есепті кезеңде жүк айналымы 162 млрд ткм құрап, 177 млн тонна жүк тасымалданған. Мұндағы өсімге Қытай мен Ресейге бағытталған экспорттық және транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту есебінен қол жеткізілгені атап өтілді.  

«Транзиттік тасымалда өсім 10%- ды құрап, 17 млн тонна жүк тасымалданды, оның ішінде контейнерлік тасымалдау 796 мың ЖФБ. Табыс 1 трлн 512 млрд теңгеге дейін артты. Бұл қаржы компания активін жаңартуға мүмкіндік береді», – деді Талғат Алдыбергенов.  

Басқарма төрағасы жаңа теміржол желілерінің құрылысы туралы да хабарлады.  

Ол биыл жаңа темір жол салына бастағанын атап өтті. Олар: Мойынты – Қызылжар – 360 шақырым. Шілде айында ұзындығы 272 шақырым болатын Бақты – Аягөз желісін салу бойынша келісімшартқа қол қойылды.

– Тамыз айының соңына дейін 220 адам мен 90 техника жұмыс істейді. Кейін оның саны артады. Бұл Қытаймен арадағы өткізу қабілетін 25 миллион тоннаға арттыруға, ал 2030 жылға қарай барлық үш түйіспеде 100 миллион тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Достық – Мойынтының белгілі бір учаскелері кезең-кезеңмен тапсырылып жатыр. Осы жол мен Алматы айналма желісін жыл соңына дейін пайдалануға береміз. Дарбаза – Мақтаарал құрылысы кестеге сай жүруде, ол келесі жылы аяқталады, – деп қосты Талғат Сағиұлы.  

Өткен 7 айда ҚТЖ-да 840 км жол жөнделді. 51 локомотив, 56 жолаушылар вагоны, 1069 жүк вагоны сатып алынды. Жыл соңына дейін жоспарға сәйкес тағы жаңартылады. Бұл жылжымалы құрамның тозуын азайтады. Жалпы жүктердің тасымалдау көрсеткіштері оң динамиканы көрсетті. Экспорттық тасымалдардың негізгі драйверлері көмір мен астық болып табылады. Көмір тасымалдауда Ресей порттары арқылы экспорт 43% өсті. Астық экспорты Иранға, Орталық Азияға және Ресей порттары арқылы 55% артып отыр. Сондай-ақ компания әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдауды қамтамасыз етіп келеді.  

Цифрландыру бойынша «Бірыңғай цифрлық терезе» жүйесі бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз етеді және адам факторын барынша азайтады. Цифрлық сауда дәлізі шеңберінде Tez Customs платформасында транзиттік декларацияларды автоматты түрде беру жолға қойылды, ТХКБ және Орта Азия бағыты бойынша рәсімдеу уақытын 16 есе қысқартты (8 сағаттан 30 минутқа дейін). Trip Optimize жүйесі арқылы жанар-жағармай шығынын 5% азайтады. Жолдың цифрлық моделі жасалып жатыр. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «KinetiX» жылжымалы құрамды диагностикалау жүйесі орнатылды. Жасанды интеллект негізінде инфрақұрылымын жақсарту үшін смарт-диагностикасы қолданылуда. Жолаушылар вагондарының 74%- ы 20 жылдан аспаған. Билеттердің онлайн сату үлесі 83% жетті. Пойыздардың кешігуі 37% азайды.  

Үкімет отырысын қорытындылаған Олжас Бектенов жолаушылар тасымалы саласын дамытуға баса назар аударып, барлық тасымалдаушыларда жолаушылар вагондары мен локомотивтер паркін жүйелі түрде жаңартып отыру қажеттігін жеткізді. Бұл ретте жүк вагондарын шығару және ауыстыру жұмысын да жандандыру қажет. Осыған байланысты Көлік министрлігі мен ҚТЖ заманауи әрі перспективалы әзірлемелерді енгізуді, оның ішінде жылжымалы құрамдардың қозғалыс жылдамдығын арттыру үшін жолаушылар тасымалы саласындағы қызметтерді одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету тапсырылды. Салалық ведомстволар алдына Президенттің Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін кеңейту жөніндегі тапсырмасын іске асыруға бағытталған теміржол саласын дамыту және цифрландыру туралы міндеттер қойылды.

 

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн