Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымы көлік министрлерінің VIII кездесуі өтті

Жаңалықтар
01.10.2025, 13:10
Оқуға 2 мин
Сурет: Көлік министрлігі

Алматы қаласында өткен «New Silk Way» VII халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы аясында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) көлік министрлерінің VIII кездесуі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Іс-шараға ТМҰ Бас хатшысы, сондай-ақ Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан көлік ведомстволарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттер арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі тараптардың келісімдерін қамтитын бірлескен коммюнике қабылданды.

Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға, көлік дәліздерін цифрландыруға және электрондық транзиттік рәсімдерді енгізуге ерекше назар аударылды. Теңіз тасымалын одан әрі дамыту үшін Каспий арқылы жүк ағындарын арттыру, жаңа жүк және контейнерлік терминалдар салу, паром қатынасын іске қосу бастамалары қолдау тапты. Бұл мақсатта ТМҰ елдерінің профильдік ведомстволарының қатысуымен сарапшылардың кездесуі өткізіледі.

Сондай-ақ, теміржол әкімшіліктерінің тұрақты блок-пойыздарды ұйымдастыру жөніндегі бірлескен жұмысы, соның ішінде Баку–Тбилиси–Карс бағытын пайдалану бойынша келісім расталды. Тараптар көлік рәсімдерін цифрландыруға уағдаласты. Атап айтқанда, e-Permit, e-TIR және e-CMR электрондық жүйелерін жедел енгізу бойынша келісімге қол жеткізілді. Мысалы, мемлекеттер арасындағы шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу процесі толықтай электрондық форматқа көшірілмек.

Қатысушылар қол жеткізілген уағдаластықтар өңірлік байланысты нығайтуға, сауданы дамытуға және мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

ТМҰ көлік министрлерінің келесі IX кездесуі 2026 жылы Қырғызстанда өтеді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды