ҚТЖ және SPSI Cloud Port Development агрологистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Жаңалықтар
06.03.2026, 18:28
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергеновтың SPSI Cloud Port Development Co., Ltd Басқарма Төрағасы Хуан Сянмен (ҚХР) жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Келіссөздер барысында тараптар «Кедентранссервис» АҚ (ҚТЖ еншілес компаниясы) мен Қытайдың SPSI Cloud Port Development мемлекеттік холдингінің стратегиялық әріптестігі шеңберінде іске асырылып жатқан Көкшетау қаласында заманауи агрологистикалық хаб салу жөніндегі инвестициялық жобасы барысын талқылады.

Жоба Көкшетау қаласында жобалық қуаты жылына 1 млн тоннадан асатын 40 гектар аумақта заманауи логистикалық кешен құруды көздейді. Бастама шеңберінде контейнерлік, теміржол және қойма инфрақұрылымын дамыту жоспарлануда, бұл Солтүстік Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені үшін тиімді логистиканы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа терминал ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауды, жүктерді шоғырландыруды және экспорттық нарықтарға жөнелту үшін контейнерлік пойыздарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру құрылыс кезеңінде 500 астам жұмыс орнын және объект пайдалануға берілгеннен кейін 100 жуық тұрақты жұмыс орнын ашады, сондай-ақ Ақмола облысының елдің негізгі агроэкспорттық өңірлерінің бірі ретіндегі позициясын күшейтеді.

Кездесу барысында Сычуань провинциясымен (ҚХР) және Батыс Қытайдың ірі экономикалық орталықтарының бірі Чэнду қаласымен логистикалық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Қазақстан мен Қытайдың батыс өңірлері арасында экспорттық-логистикалық қуаттарды арттыруға мүмкіндік беретін логистикалық хаб құру жайы қарастырылуда.

Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру тұрақты логистикалық тізбектерді дамытуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты