Пойызда тәртіп бұзған жолаушылар әкімшілік қамауға алынды

Жаңалықтар
09.04.2026, 11:52
Фото: polisia.kz

Көлік инфрақұрылымы нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтау – құқық қорғау органдарының маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағытта Көліктегі полиция департаменті жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Негізгі мақсат – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ вокзалдар мен пойыздардағы тәртіпті бақылауда ұстау, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жыл басынан бері көліктегі полиция қызметкерлері 25 378 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Талдап қарасаңыз, олардың басым бөлігі қоғамдық тәртіпке қатысты. Мәселен, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішудің 1 831 дерегі тіркелген. Бұдан бөлек, ұсақ бұзақылықтың 190 фактісі анықталған. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаудың 22 жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіштер көлік нысандарында тәртіпті сақтау мәселесі әлі де өзекті екенін аңғартады.

Осындай жағдайлардың бірі «Орал – Астана» бағытындағы жолаушылар пойызында болды. Қостанай станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері пойызды патрульдеу кезінде 49 жастағы жолаушыны анықтады. Ол алкогольдік масаң күйде болған. Жолаушы вагон жолсерігі мен басқа адамдарға балағат сөздер айтып, қоғамдық тыныштықты бұзған. Бұған қоса, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан.

Аталған азаматқа қатысты екі бап бойынша әкімшілік іс қозғалды. Яғни ұсақ бұзақылық және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау фактілері бойынша жауапкершілік қаралды. Сот шешімімен оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Осыған ұқсас оқиға Ақтөбе станциясында да тіркелген. Онда 46 жастағы ер адам қоғамдық тәртіпті бұзып, полиция қызметкерлерінің талаптарын орындаудан бас тартқан. Нәтижесінде ол да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 6 тәулікке қамауға алынған.

Мұндай жағдайлар кейде ұсақ көрінгенімен, қоғамдық ортадағы қауіпсіздікке әсер ететіні анық. Сондықтан көліктегі полиция қызметкерлері пойыздар мен вокзалдарда тәртіпті сақтау бағытындағы жұмысты жалғастырып келеді. Ал құқық қорғау органдары азаматтарды қоғамдық орындарда заң талаптарын сақтауға шақырады.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады