«Қазақстан темір жолы» әкімшілік ғимаратының LED-экранында «Заң және тәртіп» бастамасы аясында бейнероликтер көрсетілімін  жалғастыруда. «Батырлар біздің арамызда» жобасының кезекті шығарылымы кәсіби әрекеттерімен қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермеген теміржол саласының қызметкерлеріне арналған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Шығарылым кейіпкерлерінің қатарында машинистер мен машинист көмекшілері, вагондарды тексеруші-жөндеушілер, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизорлар, пойыз құрастырушылар, электромеханиктер, жол монтерлері мен жол шеберлері бар.

Олардың ұқыптылығы мен уақтылы қабылданған шешімдері  арқасында теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, рельстер мен автотіркеу құрылғыларының ақауларын анықтауға, сондай-ақ жылжымалы құрамның рельстен шығу қаупін болдырмауға мүмкіндік туды.

Мұндай жағдайлардың әрқайсысы жоғары тәртіптің, нұсқауларды дәл сақтаудың және пойыз қозғалысының қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершіліктің нәтижесі болып табылады.