Балаңызға абай болыңыз... 

Жаңалықтар
24.11.2017, 13:39
Жол бойындағы қауіпсіздікке жауапты мамандардың айтуынша, теміржол бойында жеке бас қауіпсіздігін сақтау - ережелерді мұқият орындауға байланысты.  Бірақ, үлкендердің өзі қауіпсіздік ережесін ұмытып жатса, ойын баласынан не күтуге болады? Ақтөбе-Жіңішке аралығы қауіпті аумақтардың бірі. Алайда, аталған телімде биыл ешқандай қайғылы жағдай тіркелмеген. Соңғы екі жылда бақытсыз жағдайлар азайып, жағдай жақсарып келе жатқаны байқалады. Станцияның инженер-технологі Саида Ербөлекованың айтуынша, қайғылы оқиғаның азаюының бірден бір себебі – тұрғындар арасында қысы-жазы үздіксіз жүргізіліп келе жатқан үгіт-насихат, түсінік жұмыстары. Станцияда  өндірістік емес жарақат алудың алдын алуға бағытталған шара әр алуан. -Осы мақсатта арнайы «Өндіріске қатысы жоқ азаматтар жарақат алу жайттарының алдын алуға қатысты техникалық шаралардың бағдарламасы» әзірленді. Оған жарақат алу қаупі бар аймақтарды анықтап, қауіпсіздік белгілерін орнату, жаяу жүргіншілерге арналған төсеніштер мен өткелдерді, сонымен бірге қоршауларды министрлік бекіткен талаптарға сәйкестеніру шаралары кіреді, - дейді Саида Ербөлекова.  Станция қызметкерлері теміржолға жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары мен мектеп оқушыларын ай сайын аралап,  қауіпсіздік сақтауды қайталаудан жалыққан емес. Әсіресе, Жіңішке-Ақтөбе аралығы мен Тұрғындар қалашығындағы өткелдің қауіпті екенін сан мәрте ескертіліп келеді. «Бір жолды кесіп өтіп, екінші жолда пойыздың жақындап қалғанын байқамай қалуы мүмкін. Пойыз құрамының сағатына 100 шақырым жылдамдықпен келе жатқанының өзінде дереу тежегішті іске қоса алмайтынын да ескеру керек. Машинист дер кезінде әрекет еткеннің өзінде ауыр салмақты пойыз құрамы 800 метрге дейін жүріп өтуі мүмкін», - дейді Жіңішке станциясының инженер-технологі. Саида Ербөлекованың айтуынша, жол ережесін көбінесе балалар мен ішімдік ішкен азаматтар жиі бұзады. Үлкендер балаларының рельспен жүгіріп жүргенін көре тұра тоқтатпайды, ескерту де жасамайды. Кішкентайларға үлгі болуы тиіс ересектердің өзі кейде ережелерді сақтамайды. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында станцияға кіре берісте дауыс зорайтқыштың көмегімен пойыздың жақындап қалғаны туралы хабар таратылады екен. Келіп-кетіп жатқан пойыздардан өзге маневрлі қозғалыстар туралы да үздіксіз хабарланып тұрады. Әрине, соңғы жылдары Жіңішке станциясында көп жаңалық пайда болды, жол бойына қоршау тұрғызылып, қосымша қауіпсіздік жайлы көрнекі жерге 6 аншлаг орнатылды. Дегенмен, мені ата-аналардың теміржолдан келетін қауіп-қатерді көріп-біле тұра балаларын сақтандырмайтын бейғамдығы таң қалдырады. «Балаңызға абай болыңыз, жолға жақын жүрмесін, вагондардың астымен өтуге болмайды» деп қанша ата-анаға ескерттік, «егер бала екі пойыздың ортасында қалып қойса, ауа ағынымен ұшып кетпес үшін пойыз өтіп кеткенше жерге жата қалсын, тұру керек», - деп те түсіндіруге мәжбүр болдық,- дейді  Жіңішке станциясының инженер-технологі.

Асқар Ақтілеу, Жіңішке

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты