Теміржолшылар, қатарға қосыл!

Жаңалықтар
10.04.2018, 16:31
Оқуға 2 мин
Халықаралық денсаулық күні құрметіне семейлік теміржолшылар бірқатар іргелі шараларды қолға алды. Салауатты өмір салтын ұстануда осыған дейін де қоғамдық маңызы бар іс-шаралар ұйымдастырып жүрген бөлімшенің кәсіподақ комитеті мен спорт нұсқаушылары денсаулықты сақтауға шақыратын арнайы флэш-моб өткізді. Бұл күні бөлімшедегі барша теміржолшылар кең аулаға шығып, бір мезгіл бой сергіту жаттығуларын жасады. Әсем әуен аясында гимнастикалық қимылдар жасауға спорт нұсқаушысы Наталья Мешкова жетекшілік еткен болатын. Аталмыш шараға барлық мекемелердің теміржолшылары жиналды. Алдымен көпшілік алдында  «ҚР теміржолшылар кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Семей өңірі бойынша өкілі Алик Досанов сөз алып, барша жиналғандарды денсаулық күнімен құттықтап өтті. Сондай-ақ, спорттық шараларды өткізуде семейлік теміржолшылардың белсенді екендігін айта келіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын барлық іс-шараларға дәл осылай жаппай қатысуға үндеді. Расында, денсаулықты нығайтуға тек спорт пен гимнастикалық жаттығулар ғана емес, жарасымды әзіл-қалжың да әсер етеді. Осы орайда көпшілік алдына шыққан бөлімшенің «Жайдарман» клубы мүшелері қағытпа әзілден сыбаға тартты. Осылайша, жанға жағымды күлкі терапиясынан соң теміржолшылар бір кісідей бой сергіту жаттығуларын жасап, флэш-моб өткізді. Бір бұл емес, осы күнгі шара соңында барша жиналғандар алдында «Никотинді дәруменге» атты акция өткізіліп, шылымға әуестігі бар теміржолшылар әріптестері алдында бұл жағымсыз әдетті тастауға сөз берді. Темекіні дос тұтып келгендер шылым толы қорапты алмаға айырбастап алды. Олардың арасында қарапайым пойыз құрастырушыдан бастап бөлім басшылары, спорт нұсқаушылары да болды. Мұндай шара осыдан екі жыл бұрын да өткізілген болатын. Нәтижесінде бірқатар теміржолшылар шылымға әуестікті мүлдем доғарыпты. Осылайша, арнайы өткізілген флэш-моб денсаулық сақтау, салауаттылық мәселесінде барша теміржолшыларға ой салғаны анық. Ұйымдастырушылар осындай шаралар арқылы теміржолшыларды жаман әдеттен арылтып, салауатты өмір салтын ұстанушылар қатарына қосуды көздейтіндерін жасырмайды.  

Қуаныш Қожаев, Семей

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?