Сенімді әлеуметтік серіктес

Жаңалықтар
13.04.2018, 11:10
Оқуға 3 мин
«Қазақстан темір жолы» компаниясының сенімді әлеуметтік серіктесі. Бұл – «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ қызметіне берілген баға. Ол туралы Астанада осы бірлестік ұйымдастырған «Ынтымақтастық. Ортақтастық. Жасампаздық» атты бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының форумында айтылды. 300-ден астам кәсіподақ өкілдері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің кәсіподақшылары, теміржолшылар қатысқан екі күндік форум мақсаты сала қызметкерлері арасында өзара байланысты дамытып, тәжірибе алмасу, олардың қызметін белсенді ету, болашақ жоспарларды талқылаумен қатар биылғы Елбасы Жолдауы мен 5 әлеуметтік бастамасын кеңінен насихаттап, түсіндіру болды. Форумды сөз сөйлеп ашқан ҚРКФ төрағасы Бақытжан Әбдірайым «Қазпрофтранс» ҚБ жұмысына жоғары баға берді. – Өз миссиясын белсенді атқарып отыр. Жұмыс берушінің сенімді әлеуметтік серіктесі. Жұмыс беруші қашан да алдымен кәсіподақ пікіріне құлақ түреді. Өйткені ол – жұмысшылармен арадағы, солардың барлық талап-тілектері мен мұң-мұқтажын жақсы білетін, екі арада дәнекерлік көпір орнатқан ұйым. Бұл міндетін «ҚТЖ» компаниясының кәсіподағы өте жоғары деңгейде орындап отыр, – деді ол өз сөзінде. Сонымен қатар ол Елбасы Жолдауы мен оның бастамаларындағы тапсырмаларды орындау үшін бірлесе атқаратын жұмыстар туралы атап өтті. Әсіресе Президенттің еңбек қатынастарына, еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделеріне қатысты кәсіподақтарға жүктелген жауапкершілік, осы саладағы түйінді мәселелер туралы да баяндады. Өйткені жаһандану кезеңінде әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен еңбек қатынастарын реттеуге атсалысу, сол арқылы капиталды дамыту – кәсіподақтар алдындағы зор міндет. Ол сондай-ақ барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бірлікте еңбек етіп, олардың қызметін жаңа белеске көтеру жайын қозғады. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Ерік Имашев  ұлттық компания кәсіподағы елдегі ең ірі кәсіподақ ұйымы екенін атап айтты. – Көліктік-логистикалық холдинг болып танылатын ұлттық компаниямыз жұмысшыларымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғап, қолайлы еңбек жағдайын жасауға белсенді атсалысып отырған «Қазпрофтранс» ҚБ жұмысы мен бастамаларын қашан да толығымен қолдайды. «Қазақстан темір жолы» компаниясы қызметкерлері өз кәсіподақтарының мықты әрі сенімді екенін жақсы біледі. Біздегі барлық әлеуметтік мәселелер кәсіподақпен бірлесе шешіледі. Өйткені бәріміз де кез келген компанияның әлеуметтік еңбек жағдайы, қызметкерлерінің мүдделік мәселелері оңтайлы шешілсе ғана, компания қызметінің де алға басатынын жақсы білеміз. Ол табысты даму кепілі болып табылады. Сондықтан бүгінгі форум осы саладағы кездесіп жатқан мәселелерді талқылап, шешуде ең бір бірегей сұхбат, пікірталас алаңы болары сөзсіз, – деді өз сөзінде компания  вице-президенті. Ал «Қазпрофтранс» ҚБ жұмысы мен жоспарлары туралы егжей-тегжейлі оның төрағасы Оразғали Ахметбаев баяндап берді. – Салалық кәсіподақ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысына ерекше назар аударады. Біздің салалық кәсіподақтың құрылымы 13 филиалдан, 141 бастауыш ұйымнан және жергілікті кәсіподақтар мүшесінен тұрады. Салалық кәсіподақтар құрамында жүз мыңнан аса кәсіподақ мүшесі бар. Оның 93 пайызы – теміржолшылар, – деді төраға.             Жиынның ресми бөлімі жабылған соң форум қатысушыларының ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшыларымен кездесулері өтті. Форумның екінші күнінде халықаралық сарапшылар, ҚР КФ қызметкерлері тыңдалып, кәсіподақтың Орталық кеңесі аппаратының басшылығымен және мамандарымен кездесу өткізілді.  

Райхан РАХМЕТОВА

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?