Депутат теміржолшылар

Жаңалықтар
27.12.2019, 14:21
Оқуға 2 мин

Биыл Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына – 25 жыл. Осы жылдар ішінде мәслихат депутаттары аудандық, қалалық, облыстық деңгейде қаншама мәселелерді қозғап, шешілуіне атсалысты. Ондай мәселелер теміржол саласында да болды.

Ал оны сол саланың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген теміржолшыдан артық кім білмек? Сондықтан теміржолшылардан шыққан мәслихат депутаттарын тілге тиек етпекпіз. Олар өз саласының ғана емес, қоғамдық проблемалардың да түйінін тарқатуға үлес қосып жүр. Мұндай азаматтар Маңғыстау теміржолында да баршылық. Қазақстан мәслихаттарының ширек ғасырлық ғұмырында түбек теміржолынан мәслихат депутаттығына сайланған теміржолшылар қатарында алдымен Құрметті теміржолшылар, «Құрмет» орденінің иегерлері Қожахмет Уәзір, Табылды Әміровті және Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің қазіргі директоры Нәжімеден Ғұбашовты атап өтуге болады. Олардың түбектің да муы жолында қосқан үлестері айтарлықтай. Қожахмет Уәзір облыстық мәслихаттың, Тәуелсіздік тарихында тұңғыш ашылған аудан – Мұнайлы ауданы мәслихатының бірінші шақырылымының депутаты болды. Қожахмет Шабайұлы сол кездерде және оған дейінгі жылдарда теміржолшылардың әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне, баспаналы болуына, теміржолдағы жаңа құрылыстардың салынуына, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің өз алдына дербес бөлімше болуына үлесін қосты. Табылды Әміров те өз кезегінде темір жол саласындағы, аймақтағы ілкімді істердің жүзеге асуына бір кісідей атсалысты. Маңғыстау облыстық мәслихатының бірнеше шақырылымының депутаты болып қайта сайланды. Әлі күнге депутат мінберінен сол жұмыстарын жалғастыруда. Ал Нәжімеден Ғұбашовтың депутаттық жолына тоқталсақ, ол 2007 жылы алғаш Маңғыстау облысының мәслихат депутаты және маслихаттың қаржылық комиссиясы төрағасының орынбасары болып сайланған еді. Қазірде де Маңғыстау халқының қалаулысы. Депутаттық жұмысын бастаған ілкі жылдардың өзінде ол, теміржол қозғалысының күрделі жөндеуіне көлемді қаржы бөлінуіне, «Боздақ», №15 бекет, Емір сияқты теміржолшылар тұратын шағын елдімекендерді су, газ, байланыспен қамтуға қаражат бөлінуіне септігін тигізді. Содан бері сайлау бағдарламасына сай жұмыстанып, бүгінде еліміздегі ірі жобаларға айналған жаңа нысандардың ашылуына, сол арқылы Маңғыстау теміржолының көркеюіне мәслихат деңгейінде депутаттық үнін қосумен келеді. Аталған азаматтардан басқа бүгінде ҚТЖ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Маңғыстау аймағы бойынша бас ревизоры Болат Дүйсәлиев пен Маңғыстау вагон пайдалану депосының бастығы Сәрсенбай Есенқұлов қазірге дейін Мұнайлы ауданы мәслихатының бірнеше шақырылымының депутаттары. Маңғыстау ауданы мәслихатының депутаты Бәлібек Есенгелдиев болса бірнеше жылдан бері Шетпе станциясының директоры. Бұл кісілердің де ауданның, аудандық деңгейде теміржол саласымен байланысты мәселелердің оң шешімін табуына қаншалықты күш-жігерін жұмсап жүргені сол аудандардың тұрғындарына белгілі.

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?