Құрықтың қарқыны артып келеді

Жаңалықтар
09.07.2020, 19:25
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздің екінші порты – Құрық арқылы кемелермен жүк жіберу және қабылдауда Құрық порты станциясы теміржолшыларының атқарып жатқан еңбегі зор. Мұнда қазір штатта 65 адам еңбек етіп, порт арқылы шетелдерге, атап айтқанда, Әзербайжан арқылы Түркия, Иран, Грузия, Украина елдеріне жүк тасымалын ұйымдастыруда.

Маңғыстауда 2015 жылы салынған Боржақты-Ерсай теміржолы осы портқа келіп тіреледі. Жалпы бұл – осы порт арқылы импорттық және экспорттық жүк тасымалын ұйымдастыру үшін салынған жол. Портқа келетін жүктер Құрық порты станциясының А және Б паркіндегі барлығы 12 жолда қабылданып, жөнелтіледі.

Станция бастығы Сұлтанмұрат Тұрғанбаевтың айтуынша, карантин кезінде де станциядағы жүк айналымы тоқтаған жоқ. Барлық сақтық шараларын жасай отыра, олар қозғалыстың тоқтамауы үшін жұмыс істеуде.

– Станцияда 5 кезекші, 32 пойыз құрастырушы, 9 транзит бойынша агент, 5 жүк қабылдап алушы, 5 жүк жөнелтуші, 5 тауар кассирі бар. Олар бір ауысымда 16 адамнан бөлініп жұмыс істейді. Карантинге дейін бұрын вагондар құжаттарын техкеңсе операторы кемеге кіріп, сонда шетелдік әріптестермен бірге комиссияға қатысатын. Ал қазір екі жақ та бірбіріне жақын келмей, айналым құжаттарын тек сөмкеге салып жіберіп, солай қабылдап алып отыр. Бұл адамдарымыздың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі үшін аса маңызды, – дейді станция бастығы.

Портқа кемемен келетін жүктердің ішінде ең көп кездесетіні тауық еті, дәрі-дәрмектер, азық-түлік, Түркиядан киім-кешек, кондитерлік өнімдер екен. Ал елімізден жөнелтілетін және транзиттік жүктер қатарында Атырауда мұнай кәсіпорындарынан шығатын параксилол Грузияға жиі тасымалданады. Қытайдан томат пастасы, тағы басқа азық-түлік түрлері жіберіледі.

Астық өнімдерінің тасымалы күзде басталады. Құрық порты арқылы жүк тасымалы біршама артқаны байқалады. Биыл өткен 6 ай ішінде мұндағы жүк айналымы импорт пен экспортты қоса алғанда 10771 вагонды, яғни 656 729,368 тоннаны құрады.

Сонымен қатар осы көрсеткіштің ішінде экспорттық жүктердің көлемі басымдау болып, 5738 вагонды құраған. Төтенше жағдай кезінде Қазақстанның теңіз порттары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Еске салай кетейік, осы жылдың бірінші тоқсанында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 1,6 млн тоннадан астам жүк тасымалданды.

Осы кезеңде Құрық портында шамамен 1700 жүк көлігі ауыстырып тиелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31% артық. 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты