Пойыз бағыттары қысқарды

Жаңалықтар
02.11.2020, 16:47
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар бағыттағы жолаушылар пойызының бағдарлары қысқартылды. 

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеп, жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне бірқатар өзгерістер енгізілгенін хабарлады. Атап айтқанда, қарашаның 2-нен бастап «Павлодар-Алматы-2» бағытындағы пойыздың Дегелең, Семей, Жаңа-Семей, Шар, Жаңғызтөбе, Жарма, Үшбиік, Аягөз, Ақтоғай станцияларында жолаушыларды отырғызуға және түсіруге тыйым салынады. «Алматы-2-Өскемен-1» пойызы бұрынғыдай күн сайын емес, күнара жүретін болады. Сонымен қатар «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол-Өскемен-1» пойызы күн сайын емес, аптасына бір рет қатынайды. Шығыс Қазақстан облысының барлық станцияларынан түсетін жолаушыларда тапсырылғанына 3 күннен аспаған COVID-19 инфекциясын жұқтырмағандығын растайтын сынама нәтижесі болуы керек. Осыған дейін пойыз билетін сатып алғандар ақшаларын қайтара алады. 

Жолаушылар пойыздарының жүру кестесі туралы барлық ақпаратты «105» нөмірі бойынша біле алады. 

Қоғам басшылығы тұрғындарды коронавирус пандемиясы кезінде дерттің таралуының алдын алу мақсатында қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл