Шымкентте жыл басынан бері пойыздар 5 адамдарды қағып кетті

Жаңалықтар
27.11.2020, 08:40
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент магистральдық желі бөлімшесі бойынша пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі қанағаттанарлық деуге болады. Жыл басынан бері 10 айда 7 бұзушылыққа жол беріліпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үшеуге кем, яғни былтыр қозғалыс қауіпсіздігі бойынша 10 бұзушылыққа жол берілген.

Әрине, пойыздар қозғалысында ешқандай апатты оқиғаларға жол берілмеген. Дегенмен тіркеліп отырған жеті жағдай да мәз емес, Оның біреуі – сигналдың өтпе жолымен жабылуы, 5 – адамдарды қағып кету, 1 – пойызды 1 сағаттан артық кідірту фактісі тіркелді. 

Бұдан бөлек, НЖС-9 бойынша құрылғылар жұмысының іркілісіне 53 рет, жол шаруашылығы бойынша құрылғылардың істен шығуына 24 рет жол берілген. 

Әрине, шұғыл тежеудің, бөгде адамдар мен қараусыз жайылған төрт түлік малдың, дистанция жолдарында теміржолдың үстіңгі қабат материалдары мен басқа да мүліктердің ұрлануының алдын алу мақсатында теміржолшылар биыл да бірқатар жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына теміржолдағы қауіпсіздік пен жуапкершілік жайлы ескертетін ҚР Кодексінің 559-бабының 1-55-тармағынан 1752 үзінді көшірмелер таратты. Станцияларда 2609 адамды қамтыған 39 жиналыс өткізілді. 

Өз кезегінде «Теміржол – қауіпті аймақ» тақырыбында 3778 оқушыға да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

3310 мал иесіне теміржолда мал жаю және айдап өту ережелері таныстырылып, төрт түлікті қараусыз қалдырудың соңы зор шығынға ұшырататыны тағы қатаң ескертілді.

Сонымен қатар, НЖС-9 теміржолшылары қауіпсіздікпен қатар ұрлыққарлыққа қарсы 19 рейд жүргізді. 

Желілік полициямен бірлесіп өткелдерде 12 кешенді рейд тағы өткізіп, 705 жүргізушіге жолдағы қауіпсіздік ережесі таныстырылды, 6 кәсіпорында 49 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Биылғы жылы 23 км дейін жолға малдан қоршау тұрғызу  жоспарланған болатын. ПЧ-53 дистанциясы 20 км жолды, ал ПЧ-54 3 км жолды қоршап, әу бастағы 23 км межені толығымен орындап шықты. 

Бір әттеген-айы, теміржолшылардың бұл еңбегі жемісін беріп отыр деп айта алмаймыз. Себебі, тұрғындар темір жолдың мүлкіне көз тігуін қояр емес, мал қараусыз жайылады, адамдар белгіленбеген жерлерден өтеді. Салдарынан адамдардың жолға шығуы мен қоршау ұрлаудың тағы 5 жағдайы тіркеліп отыр. 

Осы орайда, НЖС-9 бойынша тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобы құрылды. Олар жолдан өту ережесін бұзған адамдарға, қараусыз қалған малға қатысты арнайы іс-шаралар әзірлеп, іске кірісті. Нәтижесін алдағы уақытта хабарлайтын боламыз.

Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады