«Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы «Kamkor GREEN» кешенді экологиялық бағдарламасы аясында атмосфераны ластайтын қалдықтарды азайту мақсатында қазандықтар шаруашылығын жаңғырту бойынша жұмыстарды белсенді жүргізіп келеді. Сонымен қатар компаниялар тобында Lean қағидаттары мен Үнемді өндірісті енгізу арқылы өндіріс пен тұтыну модельдерін сапалы өзгертуді көздейтін «Kamkor Baqyt» жобасы табысты іске асырылуда. Жыл сайынғы «Kamkor Park» акциясы аясында компания қызметкерлері Аягөз, Шар, Шалқар, Қазалы, Сексеуіл, Шу және Атбасарда қылқан жапырақты көшеттер отырғызып, жасыл нулы аллеялар мен саябақтардың пайда болуына ықпал еткен-ді. Ал биыл қылқан жапырақты ағаштар отырғызылған аллеялар Ақтөбе, Ағадыр және Қарағанды қалаларында бой түземек. Сондай-ақ, «Kamkor GREEN» жол картасы шеңберінде 2030 жылға дейін кәсіпорындарды жел турбиналары мен күн коллекторлары сияқты жасыл энергия қондырғыларына көшіру көзделіп отыр. Бұл іс-шаралардың жүзеге асуына Дүниежүзілік Банк тобы қолдау көрсетуде.