Тасымал талабы қандай?

Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жолаушылар тасымалында тиісті талаптарды сақтау да қауіпсіздік кепілі болып табылады. Мысалы, көліктегі санитар мамандар теміржолшылар назарына оқушылар мен жасөспірімдер топтарын тасымалдау кезінде есте ұстау керек қағидаларды ұсынады.

Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы пойыз қызметі арқылы жаз мезгілінде балалардың топтық сапары жиі ұйымдастырылатынын айтады. Лагерьге демалысқа аттанған немесе ел ішінде экскурсиялық іс-шараларға, спорттық жарыстарға шығатын балалар ұжымын теміржол көлігімен тасымалдаудың өз ережесі мен талабы бар және ол бұлжытпай орындалуы тиіс. Алдымен кез келген балалар топтары жанында міндетті түрде ересектер және медицина қызметкері болуы керек. Жол жүру кезінде ұйымдастырушыларға ауыз су, медициналық дәрі-дәрмек қобдишасы, бұқтырылған ет, печенье, галеттер, крекерлер, тоқаштар, жұмсақ кәмпиттер, нанды және нан-тоқаш өнімдерінің болуын ескерту қажет. Сонымен қатар сапар барысында жаппай уланудың және ішек инфекцияларының тіркелуін болдырмау аса маңызды.  

Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Камшат Кзаеваның айтуынша, биыл тасымалданған балалар топтары арасында жұқпалы ішек инфекциялық аурулары тіркелген жоқ. Дегенмен, республика бойынша мұндай жайттар өкінішке орай болып тұрады. Сондықтан оның алдын алу үшін тасымал талабын сақтаған жөн.  

Айта кетейік, елімізде 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар билетімен жүруге рұқсат етіледі. Ал 15 жастан асқан балалар ересектер билетін сатып алады. Бұл жастағы балалар ересек адамның еріп жүруінсіз, бірақ олардың заңды өкілінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімімен өз бетінше саяхаттай алады. Жасөспірімдердің жол жүру кезіндегі қауіпсіздігі тиісті мамандармен тұрақты қадағаланып отыру қажет.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады