Елімізде биыл пойызбен 21 миллиондай жолаушы тасымалданды

Қазақстан теміржолшысы

Жолаушылар тасымалы жылдан жылға жақсы көрсеткішке жетіп отыр. Биыл 21 млн жолаушы тасымалданады деп отырмыз. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 6%-ға артық немесе 1 млн адамға көп. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов 24.KZ телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Вагондарды жаңарту

Нұржан Келбұғанов еліміздің Жолаушылар тасымалында оң өзгерістер орын алып жатқанын баяндап, жыл сайын жаңа вагондар қолданысқа беріліп жатқанын жеткізді.

«Былтыр жолаушылар таситын 118 вагон сатып алынса, биыл 143 вагон сатып алынды. Келесі жылы 226 вагон сатып алынады. Алдағы 4-5 жылда 1200 жаңа вагон аламыз. Бұл дегеніміз жақсы көрсеткіш. Бүгінде қолда бар 2267 вагонның  500-і жеке меншік тасымалдаушыларға тиесілі, қалғаны «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарайды. 900-ден астам вагонның қолданыста болғанына 28 жылдан асқан. Міне, солар жаңартылатын болады», - деді ол.

Сонымен қатар ол «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вагондарды жаңарту бойынша үлкен келісімшарт жасағанын атап өтті.

«Швейцарияның Stadler компаниясы Астана маңында вагон құрастыру зауытын келесі жылы іске қосады. Келісімшарт бойынша 537 вагон құрастыру қарастырылып отыр. Келесі жылы 60-тан астам вагон шығарса, одан кейін әр жылы 100 жаңа вагон беріп отырады. Stadler компаниясының вагондары бүкіл халықаралық талаптарға сай. Ішінде бейне бақылау камерасы, биодәретханасы, ауа баптағыш, мультимедиасы бар. Телефон қуаттағыш электр көздері қамтылған. Оған қоса жылыту жүйесі де өзгеше, тоқпен қуатталады, яғни онда көмір жақпайды», - деді Н. Келбұғанов.  

Вокзалдар жөнделеді

Н. Келбұғанов өз сөзінде еліміздегі тозығы жеткен вокзалдар мен станцияларға да тоқталып, оларды жөндеу жұмыстары қалай іске асатыны жайлы айтты.

«Үлкен қалада орналасқан 59 вокзалдың 54-не күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Биыл Шымкент, Түркістан және Павлодар қалаларының вокзалы жөнделді, былтыр Қызылорда вокзалы күрделі жөндеуден өткен. Қалған вокзалдар алдағы 3-4 жылда күрделі жөндеуден өтеді. Қазір соған қаражат қоры қарастырылып жатыр», - деді ол.  

Билет бағасы төмен

Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасарының айтуынша, қазіргі пойыз билеттері өз құнынан 3 есе төмен сатылып жатыр.  

«Қазір жолаушы билетінің орташа бағасы 12 мың теңге тұрса, оның негізгі бағасы 36 мың теңге көлемінде. Онсыз жолаушылар пойызы өзін-өзі ақтай алмайды. Вагон алу және өзге де инфрақұрылымға құйылатын қаражат қазіргі бағадан анағұрлым жоғары. Соған қарамастан билет 3 есе төмен бағада сатылып жатыр. Оның бір бөлігін үкімет субсидия ретінде бөлсе, тағы бір бөлігі жүк тасымалы есебінен жабылып отыр. Биыл билет бағасын 20 пайызға көтердік, келесі жылы бағаны көтеру қарастырылмаған», -  деді ол.

Транзиттік жүктер ағыны

Сонымен қатар ол еліміз арқылы өтетін транзиттік жүктер көлемін 45 млн тоннаға жеткізу міндеті тұрғанын атап өтті.

«Қазір транзиттік жүктердің көлемі 27 млн тонна. Алдағы уақытта оны екі есе арттыруымыз керек. Ол үшін терминалдарды көбейтіп жатырмыз. Мәселен, Қытай жағында екінші темринал салынып, енді Үрімші қаласында үшіншісін салуды қарастырып жатырмыз. Мәскеу түбінде Селятино станциясында терминал салынып жатыр. Одан өзге Еуропада екі үлкен терминал салынады, Кавказдағы Поти, Батумиде терминалдар салынып жатыр. Өзіміздің Құрық пен Ақтау порттарының әлеуетін күшейтіп жатырмыз. Осылайша жан-жағымызда 14 терминалға жеткізіп, олардан шығатын жүктерді үйлестіріп Қазақстан арқылы өткізіп, жүк тасымалын 45 млн тоннаға жеткізуді көздеп  отырмыз», - дейді Н. Келбұғанов.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты