Маңғыстау – Ақтөбе: жаңа вагондар жолға шықты

Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау халқы жаңажылдық мерекеге орай жолаушылар игілігіне берілген отандық өндірістен шыққан су жаңа вагондарды мәре-сәре болып қарсы алды. Сапар алдында олардың лентасын кесуге теміржол мекемелері басшылары мен ардагерлер, жергілікті тұрғындар жиналды.

«Маңғыстау-Ақтөбе» бағытына жаңадан 4 купе, 5 плацкарт вагоны қосылды. Жаңа жыл мерекесі күндері алғашқы жолсапарын бастаған жаңа вагондар – қазақстандық «Тұлпар-Тальго» және «Зиксто» зауыттарынан шыққан стандартты вагондар. Онда жолаушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында қажетті қолайлылықтар қарастырылған. Салқындату және жылу жүйелері, экологиялық таза дәретханалар, әр орынға орнатылған 220 вольтты тоқ жүйесі және микротолқынды пештер, сенсорлы су бергіш диспенсер, тоңазытқыш, бейнебақылау құрылғысы, жуыну бөлмесі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған амбулифт орнатылған вагондар бар.

– Жолаушыларға көрсетілетін қызметті жақсарту мақсатында «Батыс» аймақтық жолаушылар тасымалының құрамдары жыл сайын жаңарып, жаңа вагондар қосылып жатыр. Мәселен, 2025 жылы 31 жаңа вагон қабылданды. Міне, бүгін, бұрын халық шағымданатын Маңғыстау – Ақтөбе бағытында да оң өзгерістер болып жатыр. Қазір бұл бағытта негізгі құрамда 11 вагон бар. Қажет болған жағдайда сұранысқа байланысты тағы да қосымша вагондар тіркелетін болады. Жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасап, жолсапар барысында қауіпсіз әрі ыңғайлы мүмкіндіктер сыйлау – біздің басты мақсатымыз. Бүгін сол міндетіміздің бір бөлігі орындалып, халықтың жаңа жылда жаңа вагонмен жүруі ұйымдастырылып отыр, – дейді Батыс аймақтық жолаушылар тасымалының Маңғыстау учаскесі бастығының міндетін атқарушы Мырзабек Сүйінғарин.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады