Наурыз мерекесі кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ №6975/6976 «Шу – Тараз» бағытында қосымша электрпойызын тағайындайды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Электрпойыз 2026 жылғы 21, 22, 23, 28, 29 және 30 наурыз күндері қатынайды. Бұл мереке күндері жолаушылар үшін көлік қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қозғалыс кестесі

Шу станциясынан:

• жөнелту — 05:00

• Тараз станциясына келу — 08:41

Тараз станциясынан:

• жөнелту — 12:40

• Шу станциясына келу — 16:22

Электр пойызының құрамы 2 және 3 класты 4 вагоннан тұрады. Пойыздың жалпы сыйымдылығы 352 отыратын орын.

Жол жүру құны

• 2 класс — 3562 теңге

• 3 класс — 2946 теңге

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан комиссиясыз сатып алуға болады, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.