Төрт құбыласы түгел

Жолаушылар тасымалы
15.09.2020, 09:40
Оқуға 4 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Маңғыстау ЖТ бөлімшесін дамытудағы ең басты басым бағыттар Каспийдегі порттар арқылы контейнерлік тасымал көлемін ұлғайта отырып жүк айналымын арттыру, теңіз инфрақұрылымын жақсарту және жүктің жаңа түрлерін тарту болып отыр. Сондықтан бөлімшеде бүгінгі таңда Қазақстан, Қытай, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия, Түркия, Оңтүстік Еуропа елдері арасындағы Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын дамытуға аса көңіл бөлінуде.

Осы орайда филиалға қарайтын мемлекетаралық шекаралық түйісу нүктелерінің әлеуетін арттырудың да маңызы зор екені белгілі. Ал әлеуеті зор порттардағы және шекаралық түйісу нүктелеріндегі тасымал процестерін ұйымдастырып отырған Маңғыстау теміржолшыларының еңбегі бір төбе. 

Ерлан Бүркітов – өңір темір жолының проблемаларын жақсы білетін теміржолшы. Түбек теміржолының артықшылығын да, кем-кетігін де жатқа біліп, жағдайын бағдарлай алатын маман ретінде ол биыл елде өтіп жатқан «Праймериз-2020» жобасына қатысып, өңірдің тек теміржолға қатысты ғана емес, басқа да маңызды салаларындағы мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламасын ұсынып отыр. 

Соның аясында да мемлекетаралық түйісу нүктелерінің өзекті мәселелері қарастырылмақ. Оның айтуынша, бүгінде Маңғыстау ЖТ бөлімшесінде 4 мемлекетаралық шекаралық түйісу нүктесінің бәрі де маңызды. Біріншісі, Өзбекстанмен шекаралас Каракалпакия нүктесі Орталық Азия елдерімен арадағы транзиттік тасымалды қамтамасыз етеді. Екіншісі, Болашақ станциясы арқылы Түркіменстанмен шекара нүктесі Парсы шығанағы елдеріне бастайды. Сосын теңіз арқылы Иран, Әзербайжанға шығатын Ақтау теңіз порты. Соңғысы – Құрық порты. 

– Көліктік логистика – анағұрлым аз мерзім мен шығын арқылы тапсырылған тауарды тиісті нүктеге талап етілген уақыт ішінде қолайлы бағдармен жеткізу. Осы тұрғыда компанияның бүгінгі негізгі экономикалық басым бағыты – клиентке қызметтер кешенін ұсына отырып, сапа мен табыстың өсімін арттыру мақсатында өндірістік шығындар мен олқылықтарға жол бермей, барлық мүмкіндіктерді іздеуге бағытталған. Мультимодальды көлікті қарқынды дамыту мақсатында құрылған ТХКБ Қытай-Қазақстан-ӘзербайжанТүркия-Еуропа елдері арасын жалғайды. Бұл бағдар бойынша контейнерлермен бидай, астық, мұнай, газойл комбайндар, т.т. тасымалданады. Аталған бағдар ТМД бойынша көрші елдер мен Еуропаға жүк жеткізу уақытын және шығынын азайтты. Бұрын жүктер құрғақ жолмен Ресей арқылы 40-45 тәулікте жететін болса, бүгінде контейнерлік пойыздар осы бағдармен жүре отырып біршама аз уақытта жетеді: Шихези (Қытай) – Қазақстан – Стамбул (Түркия) – 6 тәулікте, Ляньюньган (Қытай) – Қазақстан – Стамбул (Түркия) – 19 тәулікте, Чэнду (Қытай) – Қазақстан – Стамбул (Түркия) – 17 тәулікте жеткізіледі. Азиядан Еуропаға мультимодальды контейнерлік желілер 15 күнде ұйымдастырылады, – дейді Маңғыстау ЖТ бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітов. 

Транскаспийлік дәліз жобасын қолдау мақсатында Қазақстанда 1676 км темір жол салынды. Бүгінде Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік пойыздардың қозғалыс жылдамдығы тәулігіне 1100 км-ге жетті. Бұл – осы дәлізге қарайтын елдер ішіндегі ең үздік көрсеткіш. 

Алдағы уақытта ай сайын Құрық порты арқылы 10 мың тонна астық тасымалдау жоспарлануда. Транзиттік жүктер тасымалынан түсетін табыс көзі болжам бойынша 1 млрд АҚШ долларын құрамақ. 

– Орталық Азия шекаралық нүктесі арқылы Өзбекстаннан жыл басынан бері 17 417 вагон жүк қабылдадық. Бұл импорт болып есептеледі. Соның 40 пайызы – халықтық тұтынатын тауарлар. Ал ол жаққа экспорт пен транзитті қосқанда 24 230 вагон жөнелтілді.

Оның көбі металл, газ, ағаш материалдары, кокс, ұн, астық, түрлі жабдықтар, химия, әйнек, т.б. Сол сияқты Болашақ станциясы арқылы 8 ай ішінде 12955 вагон жөнелтіліпті. Оның көбі халық тұтынатын тауарлар, атап айтқанда, қант, макарон өнімдері, ұн, комбайн, бидай, құбырлар, металл өнімдері, жанар-жағармай. Келгені – 13703 вагон, – дейді Е.Бүркітов.

Ақтау теңіз сауда порты түрлі құрғақ жүктер, шикі мұнай және мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арналған. Ол ТХКБ бойынша ең маңызды бөлік болып саналады. Порт Каспий, Қара теңіз, Жерорта теңізі және Балтық бассейндеріне, Парсы шығанағы мен Оңтүстік-Шығыс Азияға жол ашады. Бағдардың әлеуеті жылына 300 мың контейнерге дейін тасымалдауға жетеді. Сондықтан қосымша Солтүстік теңіз терминалы салынып, ол Ақтау портының өткізгіштік қабілетін жылына 17,5 млн тоннаға дейін арттырды. Сол сияқты Құрық портының да өткізгіштігі 4 млн тоннаға арттырылып, қуаты 7 млн тоннаны құрайды. Ауданы 43,2 га жерді алып жатқан Құрық порты Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуға мықты серпін берді және ол «Жаңа Жібек жолы» жобасын жүзеге асыруға септік етті.

Бүгінгі таңда Құрық порты – Алят – Құрық порты бағдары арасында Әзербайжанның 15 кемесі қатынайды. Оның алтауына 52 вагон, тоғызына 26 вагон сыяды. Кеме Бакуден Құрыққа дейін 18 сағат жүзіп келеді. 

Ал бұрын ол Ақтауға дейін 22 сағат жүзетін. Құрық пен Алят порттарының арасы шамамен 452 км құрайды. 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті