Ең әдемі тауар кассирі

Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өндірістік аймақта орын тепкен тораптық Жаңа-Семей станциясы қашанда қарбаласқа толы. Жүк пойыздарының ағыны толассыз, құрастырылып, жолға шығарылатын жылжымалы құрамдар саны жыл санап артып келе жатқан станцияда еңбек ететін қыз-келіншектер де аз емес.

Солардың арасында теміржолшылар әулетінен шыққан тауар кассирі Назира Тұмарбекованы ерекше атап өтуге болады. Ол станцияға небары жиырма жасында келіпті. Міне, ширек ғасырға жуық табан аудармастан еңбек етіп келеді.  

– Ең алғашқы қызметім бағыттама қосынынан басталды. Одан соң екі жылдай жүк қабылдап-тапсырушы болып еңбек еттім. Қазіргі қызметім – тауар кассирі. Бұл – жауапкершілігі өте жоғары мамандық. Біліктілікті, білімді, ұқыптылықты талап етеді. Біздің құзырымызға кіретін міндет те тым ауқымды, – дейді Назира Мұратбекқызы.  

Иә, уақытылы жол ақысын алу, қосымша төлемдерді қабылдау, тасымал құжаттарын тексеру, өңдеу мен тіркеу... тауар кассирінің жұмысы жеңіл емес. Бұл ретте жүк алушылармен, жүк жөнелтушілермен сыпайы қарым-қатынаста болу – басты міндет. Ал енді станцияның тұрақты клиенттері үшін Назира Жаңа-Семей станциясындағы ең әдемі, ең сыпайы да адал тауар кассирі деген абыройлы атқа ие десек, қателеспейміз.  

Оның жұмыс күні жоспарлау жиынынан басталады. Түнгі ауысымнан қалған құжаттарды қабылдап, алдағы жұмыстың бағыт-бағдарын нақтылау үшін жаңадан келіп түскен нұсқаулықтармен, бұйрықтармен танысады. Бір айта кетерлігі, тауар кассиріне құжаттарды рәсімдеу барысында мүлде қателесуге болмайды. Бұл тым қымбатқа түсуі мүмкін. Сол себептен клиенттермен жұмыс барысында ұқыптылық қажет. Келген барлық тасымалдау құжаттарын арнайы журналға тіркеп, жүк алушыларға АСУ ДКР арқылы жібереді. Ал жүкті тасымалдауға ұсыну кезінде жүк жөнелтушінің тасымалдау құжаты мұқият тексеріледі. Бұл ретте қағаз жүзіндегі экспорт құжаттардың жеделхаттағы сәйкестігі қадағалау басты орында тұрады. Сол тәрізді клиенттерге сенімхат арқылы құжаттар көшірмесін беруде де мұқияттылық қажет. Ал Жаңа-Семей станциясындағы логистикалық жұмыстар – жүк ағыны мен құрастырылатын пойыздар саны кластан тыс Семей станциясынан да әлдеқайда көп екендігін, күллі бөлімше бойынша бірінші орында тұрғанын ескерсек, оның жұмысының қаншалықты қауырт әрі жеделдікті талап ететінін түсінуге болады.  

– Өткен 2024 жылдың қазан айынан бастап тасымалдау құжаттары еліміз бойынша толықтай электронды нұсқаға ауысты. Бұл қағазға да үнемділік әкелді, өзіміз де жеңілдік сезіндік, – дейді Назира Мұратбекқызы.  

Күнделікті қайталанатын, бірсарынды, сырт көзге іш пыстырардай көрінетін мұндай жұмыстар ол үшін тұтас бір өмір десе де болғандай. «Тауар кассирі қызметі өзіме ерекше ұнайды. Басқа ешбір қызметке ауыстырмас едім. Станция – менің екінші үйім» дейді ол. Бірлігі бекем, ұйымшыл Жаңа-Семей станциясы Назира сынды білікті мамандарымен орынды мақтана алады.  

Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%