Тағдыр сынағына сынбаған...

Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз станциясының аға тауар кассирі Сәнімгүл Арыстанованың теміржол саласында еңбек етіп келе жатқанына 38 жылдың жүзі болыпты. Осы жылдар ішінде «адал еңбек бәрін де жеңбек» деген ұстанымынан айнымай келеді. Аға тауар кассирі өткен жылы үздік атанып, арнайы төсбелгімен марапатталып, мерейі өсті.

Теміржолға қалай келдіңіз деген сауалымызға ойланып отырып жауап берді кейіпкеріміз.  

– Қызылорда облысының Қазалы станциясында туып-өскенмін. Әкем 40 жыл темір жолда жұмыс істеген. Екі ағам да осы салада еңбек етеді. Содан болар, 8-сыныптан кейін көп ойланып жатпай, Қазалыдағы теміржол училищесіне оқуға түсіп, қызыл дипломмен бітіріп шықтым. Өзіме теміржол саласы қатты ұнайды. Ары қарай Ақтөбеге жоғары оқу орнына түскім келген, ол кезде талап қатал. Медициналық тексеруден өтпей қалдым, көзілдірік тағатыным кедергі келтіріп, оқуға қабылдамай қойды. Содан соң оқу орнының жолдамасымен Қызылордаға барып, мамандығым бойынша станция кезекшісі болып еңбек жолымды бастадым. Екі жылдан кейін жоғары оқу орнына түсуге тағы талпындым. Ресейге оқуға кетпек болдым. Денсаулық жағдайым тағы да алдымнан шықты, – дейді Сәнімгүл Арыстанова.  

Өмір жолында көз жанарының алыстан көру қабілетінің төмендігі жоғары білім алсам деген арманына жетуге кедергі келтірсе де, ол таңдауынан бас тартпады. Жамбылға қоныс аударған соң 1987 жылы Тараз станциясына жүк қабылдаушы болып жұмысқа орналасты. Ол кезде жұмыс ауыр. Ауысымына қарай күн демей, түн демей, жүк жөнелтетін вагондарды түгел тексереді. Ондай сәттерде түрлі сұйықтық толтырылған цистерналардың үстіне шығуға тура келеді. Қиын екен деп жұмысты тастап кету әдетінде жоқ. Себебі отбасында алған тәрбие сондай: қай істе де нәтижеге жету керек.  

Кейін аға жүк қабылдаушы болған кезде де, тауарлық кассаға ауысқанда да ол осы табандылығының арқасында барлық қиындықты жеңіп шықты. Жүк қабылдаушы болып жұмыс істеп жүргенінде қайсарлығының арқасында бір күрделі мәселені реттеп, әріптестері де, өзі де басшылардың қаһарынан құтылғаны бар.  

Ол оқиға былай болыпты: Тараз станциясына Шымкенттің іргесіндегі Текесудан мазут келіп тұрады. Жүк қабылдаушылар цистерналарды қарап, тексеріп, ақау анықталса, жүк жөнелтушілерге телеграмма жіберіп отырады. Тараздан кері жөнелтетін вагондарды да мұқият қарап, құжат толтырады. Бірақ құжатты қанша реттесе де, ана жақ қабылдамай, хат жолдауын тоқтатпапты. Содан «жиналысқа бір түссек, кешірер, екінші жолы ескерту жасар, жұмыстан шығып қалсақ не болады» деп ойлаған аға жүк қабылдаушы Сәнімгүл Арыстанова такси жалдап Шымкентке барады. Бара сала өз вагондарын тексереді, еш ақау жоқ. Мұны анықтаған соң жүк қабылдаушыларға мән-жайды айтып, жағдайды түсіндіруін талап етеді. Сөйтсе, олар «сіздер де бізге телеграмма жібере бересіздер ғой, біз де солай жасап жүрдік» деп шынын айтыпты.  

Тағдырдың сынағына да мойымай, 2020 жылы ауыр дертті жеңіп шығып, бір жарым жыл үзілістен кейін станцияға қайта оралған соң жауапкершілігі жоғары, жұмысына тиянақты маманның денсаулық жағдайын ойлап, басшылық оны тауар кассирі етіп ауыстырады.  

Кеңседе отырады демесеңіз, тауар кассирінің де жұмысы жеңіл емес. Вагонға жүк тиеліп, оны жолға шығарғанша, тұтынушы тауарын қабылдап алғанша, тыным жоқ. Құжаттарды реттеу керек, қаржы айналымын бақылау қажет, оның уақытылы түсуін қадағалауы тиіс.  

– Мысалы, импорттық тауарлардың транзиттері Ресейден, Белоруссиядан Қазақстанға кіргеннен бастап станцияға келгенге дейін есептеледі. Экспорттық тауарлар шекараға дейін. Әр жердің өз тәртібі бар. Құжат, қаржыға өте мұқият болуымыз керек. Қазіргі экономикалық жағдайға байланысты, тұтынушылар әр тиынын есептейді. Бір-біріне ұқсас компаниялар бар, кей кездерде олардың реквизиттары ауысып кетеді. Соның бәрін қадағалау қажет. Бұл жұмыста көзжұмбайлыққа салуға болмайды, бірдің кесірі көпке тиеді, сонша адамның тағдырына әсер етеді. Кассир болу оңай емес, үлкен жауапкершілікті қажет етеді, – деп түсіндірді аға тауар кассирі.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда