Маңғыстаулық жас маман Қуандық Боқаев жастар сыйлығының лауреаты атанды

ҚТЖ келбеті
09.12.2025, 08:57
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясында еңбек ететін Қуандық Боқаев Мұнайлы ауданындағы жыл үздіктері қатарынан көрініп, жастар сыйлығының лауреаты атанды.

Оған «Жастар премиясы-2025» марапаттау рәсімінде Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжанов «Үздік жас теміржолшы-2025» номинациясын табыстады. Қуандық мектеп бітірген соң Ақтаудағы М.Тынышпаев атындағы көлік колледжіне оқуға түсіп, теміржолшы кәсібін таңдаған.  

– 2012 жылы колледжде үздік оқушылар қатарында Астана қаласына белгілі бір мерзімдік оқуға жіберді. Келер жылы диплом алған соң бізді бірден жұмыс орнымен қамтамасыз етті. Мен Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясында Өзен – Болашақ аралығындағы Бопай станциясына СОБ электромонтері болып орналастым. Әлі күнге осы салада еңбектеніп келемін, – деген жастар премиясының иегері бүгінде «Р» бекеті, Боржақты, Қарақия, Жетібай станциялары бойынша СОБ электромеханигі.  

Таңғы сағат сегізден бастап осы бекет, станцияларды аралап, күнделікті жалпы қашықтығы екі жүз шақырымдық жолды артқа тастайтын ол қас қарайғанша белгі беру және байланыс бағытындағы құрылғылардың ақаусыз жұмыс істеуін қадағалайды. Аптаның бес күнін солай өткізсе де қоғамдық жұмыстардан қалмайды.  

Маңғыстау теміржолшыларының «Маңғыстау.кз» жайдарманшылар командасының белді мүшесі. Мерекелік жиындарда қолға домбырасын алып, күмбірлетіп күй тартып, жарасымды үнімен ән де салатын өнерлі жігіт. Жас теміржолшылардың қайырымдылық жұмыстарынан да шет қалған емес, игі істерге қол ұшын созатын еріктілер тобынан табылады. Алты жылдан бері ағылшын тілін меңгеріп жүр, бүгінде тіл сындырып қалған. 2016 жылғы «Үздік жас маман» номинациясының екінші орын иегері атанып, арнайы төсбелгімен марапатталған. Ұлттық компания шеңберіндегі «100 жас есім» жобасының жеңімпазы.  

Қуандық отбасында да жолы болған жан, мамандық пен жар таңдауда қателеспеген. Жұбайы Әлиямен бірге ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.  

Кеше ғана ауданнан марапатын ала сала жолға аттанған ол қазір Астанаға жетіп, түбектің теміржолшы жастарымен бірге «Zaman.ai» жасанды интеллект арқылы жұмысты жақсартуға көмегі тиетін жобаны қорғауға дайындалуда.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды