ЖИ мүмкіндігі шексіз

ҚТЖ келбеті
27.01.2026, 08:48
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Болашақ станциясында пойыз қабылдаушы болып еңбек ететін Серік Бөрібаев бір басында неше түрлі өнері бар, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Мысалы бүгінде ол жасанды интеллект арқылы қосымша табыс тауып, көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр.

Мектеп қабырғасында қазақтың қара домбырасын күмбірлете тартып, ұстаздардың ашық сабағы мен мектеп кештерінің сәнін кіргізетін оқушы болса, бүгінде Болашақтың жиын тойы онсыз өтпейді.  

– Кейінгі 4 жылдан бері мобилография саласымен айналысамын. Бұрын кәсіби видео түсіруші оператор, жарық қоюшы, монтажер дегендей мамандықтарды меңгеріп қызмет көрсетсем, қазір мобилограф бір өзі смартфонмен-ақ сол сапаны бере алады. Осының арқасында ауылымыз бен темір жолдағы жұмысымыз туралы түрлі бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желіде көпке таныстырып жүрмін. Сонымен қатар ЖИ-ді оқып, зерттеп, білімімді арттырудамын. ЖИ-ді меңгеру – уақыт талабы. Бұл технологияны тек жеке мақсатымда ғана емес, халықтың, тапсырыс берушілердің сұранысына қарай да қолданамын. Мобилография, видеоконтент жасау және дизайн бағытындағы жұмыстарда ЖИ-ді пайдалану уақытты үнемдеуге әрі жұмыстың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, пайдалана білгенге ЖИ мүмкіндігі шексіз, – дейді Серік Бөрібаев.  

Мобилография мен ЖИ мүмкіндіктерін өз кәдесіне жаратып отырған болашақтық теміржол шының ән айту, домбыра тарту, ән жазу, бейнероликтер жасаудан да бөлек тағы бір өнері бар. Сонау жылдары қолөнердің арқасында отбасын асырап, оқып, аяққа тұрған. Туған жері Бейнеу ауданында үй жиһаздарына, пластик терезе, есіктерге тапсырыс қабылдап, жасап, кәсіп қылған. Оның қолынан шыққан ағаштан жасалған балалар алаңқайы – Болашақта әлі күнге балдырғандардың қуанышы. Ал өз үйінің алды «екінші балабақша» деуге болады. Алғашқы перзенті туғанда үй ауласына өз қолымен соққан ағаш ат, әткеншек, сырғанақ, аққу секілді дүниелер кім-кімді де таңқалдырып, тамсандырмай қоймайды. Ол жасаған тұрмыстық заттар әр тұрғынның үйінен табылады. Кезінде ағаштан сәкі, шай үстел, орындық, балта, балға, қашау саптары, ілмек біздер, келі-келсап сияқты күнделікті қажетті бұйымдарды көптеп жасаған.  

– ЖИ бүгінде тек ғылым мен техникада емес, өнер мен күнделікті жұмыс процесінде де таптырмас көмекшіге айналды. Мен өз тәжірибемде бұл технологияны тек жаңалық ретінде ғана емес, шығармашылықты ұштаудың және кәсіби қызметтің тиімділігін арттырудың негізгі құралы ретінде пайдаланамын. Әсіресе музыкалық өнерде әуенді өңдеу, жаңа дыбыстарды іздеу және лирикалық туындылардың визуалды бейнесін – клип сценарийін жасауда осы технологияның көмегіне жүгінемін, – дейді теміржолшы жігіт.  

Серік қазір Болашақ станциясында пойыз қабылдаушы, 13 жылдан бері темір жолда еңбек етеді. Болашақ станциясындағы теміржолшы әкелер одағының төрағасы – 4 бала тәрбиелеп отырған тату-тәтті, берекелі отбасының иесі.

 

 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды