Ерлік емей, немене?!

Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазығұрт станциясындағы Орталықтандыру постының операторы Жәмила Жанақованың темір жолда табанды еңбек етіп келе жатқанына 40 жылға таяды. Биыл зейнет жасына жетіп отырған теміржолшының бір орында тапжылмай адал еңбек етіп, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауға өмірін арнауы – үлгі тұтарлық өнегелі жол.

Жылдар бойы қалыптасқан дағдысы, Орталықтандыру пост операторы ретінде ауысымға келген кезде алдымен ол жұмыс орнын толықтай тексеріп алады, башмактар, пломбалардың бәрі түгел ме, бағыттама бұрмасы жүріп тұр ма, бәрін мұқият тексереді. Дөңестен вагон тастаған кезде пост жақтан шығып кетпеуін қадағалайды. Тұйықтарда жеке меншік компаниялардың вагондарын маневр жасап алып кеткенде солардың жолын ашып, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырады.  

Былтыр 17 желтоқсанда күндізгі ауысымда жұмыста отырған ол тепловоз рұқсатсыз жолдан шығып келе жатқанын дер кезінде байқап, оны дереу тоқтатып, үлкен қауіптің алдын алады. Станция кезекшісінен бағдардың дайындығы туралы нұсқау алмай және маневрлік жұмыстың алдағы әрекетін анықтамай жатып, ереже сақтамай жүріп кеткен локомотивті Жәмила Жанақова байқап, жағдайды шұғыл бағалап, жылжымалы құрамды дереу тоқтатуға шешім қабылдаған. Оның сауатты және батыл шешімінің арқасында пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, инфрақұрылым сақталды. Қарапайым теміржолшының ерлікке пара пар еңбегін басшылық жоғары бағалады.  

1965 жылы Арыс ауданы Задария совхозында дүниеге келген кейіпкеріміз 7 балалы үлкен әулеттен шыққан. Әкесі Кеңес те кезінде көп жыл машинист болып еңбек етіпті. Сол балаларының ішінде әке жолын жалғаған Жәмила қызы болды. Бүгінде қызы тұрмыс құрып, 3 немере сүйіп отырған ардақты ана биыл Әйелдер мерекесі қарсаңында Компания басшылығы тарапынан Астанаға арнайы шақырту алып, құрметке бөленіп жатқан жайы бар.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда