Қарбаласқа толы күн

Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз станциясы арқылы тәулігіне 75 жуық жүк пойызы өтсе, 24 пойыз станция парктерінде сұрыпталып, Түрксіб, Шу, Алматы, Жаңатас және Шымкент, Арыс, Қазығұрт бағыттарына жөнелтіледі. Соңғы уақытта жүк айналымы жоғарылай түскен. Айналым көбейген сайын жұмыс ауқымы да артатыны түсінікті. Мұндайда күш алдымен құжаттармен жұмыс істейтін техникалық операторларға түсетіні анық.

Іздеген кейіпкерімізді күтіп, жұмыс процесін сырттай бақылап тұрып, уақытпен санаспай еңбек ететін теміржолшылар арасында жаратылысы нәзік әйелдердің үлес салмағы басым екенін ойладым. Тек кеңсе қызметінде ғана емес, өндірістік құрылымдарда, станцияларда, вокзалдар мен деполарда жұмыс істеп жүрген нәзік жандардың ерік-жігерінің мықтылығына еріксіз таң қаласыз...  

Тараз станциясының операторы Ләззат Асанова сонау тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезінде жолдасымен екеуі Қызылордадан Жамбыл жеріне жұмыс іздеп келіп, темір жолдан нәпәқа тауып, осында тұрақтап қалыпты. Бүгінде таңдаулы теміржолшының бірі.  

– Біз теміржолшы әулетінің іргесін өзіміз қаладық. 1995 жылы жолдасым Бақытжан Молдабеков Тараз станциясына пойыз құрастырушы болып жұмысқа орналасты. Отыз жылдан астам уақыт бойы осы жерде табан аудармай табысты еңбек етіп келеді. Мен бастапқыда төрт жылдай қара жұмыс істедім, қоймашының орнына ауысып, жұмысшыларға форма тараттым. Сосын теміржол сияқты салада білімсіз күн жоқ екенін түсініп, жергілікті колледжде оқып, мамандық алдым. Міне, бес жыл болды, станцияда оператормын. Тараз станциясына келетін жүк пойыздарының есебін компьютерге енгіземін. Есеп жүргізушілер парктерде сұрыпталатын вагондардың мәліметтерін ДУ-01 формадағы пойыздың құжатын толтырып әкеледі. Соны 02 үлгісінде толтырып, базаға енгіземіз. Есеп дайын болғанда электровоз машинисіне беріп, әрі қарай пойыздарды Түрксіб, Шу, Алматы, Жаңатас және Шымкент, Арыс, Қазығұрт бағыттарына жөнелтеміз. Бір күн – күндізгі, келесі күні түнгі ауысымға шығып, екі күн демала мыз, жұмыс өте ыңғайлы, – дейді Ләззат Омарбекқызы.  

Әрине техникалық оператордың жұмысы тіпті де оңай емес. Мәлімет қате енгізілсе, автоматты жүйе: «Станция бойынша кезекшінің автоматтандырылған жұмыс орны» – АРМД бағдарламасы есепті қабылдамай қояды. Сол үшін пойыздың нөмірі дұрыс енгізілуі керек, вагондардың салмағы белгіленген тоннадан асып не жетпей қалмауы тиіс.

«Алғаш оператор болып ауысқанымда осында 44 жыл еңбек еткен, бәрімізге тәлімгер болған Меңсұлу Шырмаметқызынан көп нәрсені үйрендім. Ол кісі қазір зейнетте. Әріптесім Наташа Роленкоға да айтар алғысым аз емес. Жас та болса, жұмыстың қыр-сырын әбден меңгерген маман. Ауысым сайын екеуіміз қатар түсеміз», – деген Ләззат Асанова кәсібін меңгеруге, үш ай сынақ мерзімінен өтуге, емтиханды жақсы тапсыруға көмектескен әріптестеріне шын көңілден алғыс айтты.  

Он-он бес минут алтын уақытын бізге арнаған жанмен жылы қоштастық. Ал станция операторының қарбаласқа толы күні қайта жалғасты.  

 

Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%