67 жылын теміржолға арнаған ардагер

ҚТЖ келбеті
01.10.2026, 10:21
Оқуға 2 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбылдық қарт теміржолшы Қапай Айдарханұлы тоқсан жасқа толды. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов бастаған топ Құрметті теміржолшыны мерейлі жасымен арнайы барып құттықтады.    

Қонақтарды қақпа алдынан өзі қарсы алған қариядан ішкі тәртіп пен жинақылық байқалады. Тоқсанға келсе де қуатты да тың, зердесі тозбаған. Филиал басшысы саладағы еңбек жолын сонау 1959 жылы станция кезекшісі болып бастап бірқатар өңірде түрлі басшылық қызметтерді атқарған ардагерді 90 жасымен құттықтап, Құттықтау хатын тапсырды. «Сол жылдары ерен еңбегіңіз үшін «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған сіздің даңқты еңбек жолыңыз  тәжірибеңіз бен кәсіби шеберлігіңіз – теміржол саласындағы жастарға үлгі», – деп атап өтті Айдын Пайзылдаұлы.

Аймақтық ардагерлер кеңесінінң төрағасы Бауыржан Найманбаев қазақы жөн-жоралғыға сай ақсақалға шапан жапты. Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Теміржолшы ардагерлер Орталық кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемалиевтің мерейтой иесіне арнаған Алғыс хатын тапсырды.  

Ал кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Ақшораев «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалы есебінен ардагер теміржолшының есеп-шотына 90 мың теңге қаржылай сыйлық аударылғанын айтып, бөлімшенің кәсіподақ ұйымы атынан қарияға азық-түлік себетін тарту етті.

– Бұл салаға Түркістан – Сібір темір жолы деген атау өзгеріп, Қазақ темір жолы құрылған 1959 жылы қабылдандым. Ол шақта оқу бітірген техник мамандар, инженерлер аз. Новосібір қаласында оқу бітірген соң, туған жерім Семейде станция кезекшісі болып жұмыс істедім. Үш бірдей аймақта – Батыс, Оңтүстік, Шығыс өңірлерінде еңбек еттім. Бір жерде жүк тасымалы бөлімінде, тағы бірінде станция бастығы болдым. Семей станциясын басқардым. «Құрметті теміржолшы» атағын алғаным сол жылдары. Солай-солай зейнеттік жасқа жеттік, – деп теміржол саласында еңбек еткен жылдарын естелік айтқан Қапай ақсақал арнайы іздеп келіп, ізет көрсеткен басшыларға ризашылығын жеткізіп, батасын берді.

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл