Нағыз жолшы Сапарбек Тұрманов

ҚТЖ келбеті
03.11.2020, 08:19
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Көне Түркістан қаласының теміржолын күтіп-баптап отырған жолшылар ұжымы Арыс жол дистанциясына қарайды. 43 жылдан бері осында табан аудармай еңбек етіп келе жатқан бригадир Сапарбек Тұрмановты нағыз жолшы дейді білетіндер. Ол бүгінде дистанцияның бірінші околоткасын басқарады. 

Бригадир Сапарбек Тұрмановтың айтуынша, станцияда 16 жол мен 200-ден аса бұрма бағыттамасы бар, қарамағында 18 жолшымен осы станция жолдарының күтімін жасап отыр. 

Бірінші околотка 4-ші жолдан 16-шы жолға дейінгі қауіпсіздік пен тазалықты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, орталыққа қарайтын 28 бұрма бағыттама жұмыс істеп тұр. Мұнда қысы-жазы теміржол арқылы халыққа көмір, мақта, мұнай өнімдері, т.б. көптеген жүктер тасымалданып, түсіріліп-тиеліп жатады. 

– Жүк түсіру, тиеу нормаға сай атқарылуы жолдың жақсы болуына байланысты. Бізге карантин айтарлықтай әсер еткен жоқ. Күзгі байқауды аяқтап, қысқа сақадай сай отырмыз. 

Оңтүстікте қыс жұмсақ дегенмен, табиғаттың түрлі шадыр мінезі бар, кейде қар қалың жауып, көктайғақ болады, 20 градус аяздың өзі ылғал климатта солтүстіктің 40 градус аязынан асып кетеді, – дейді тәжірибелі жолшы, – Бүгінде күнделікті ағымдағы жұмыстарды жасап жатырмыз, неғұрлым жүк вагондары көп өтсе, соғұрлым табыс та жақсы болады. 

Басты міндетіміз – пойыздар қауіпсіздігі үшін теміржолдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету болған соң, таңның атысы, күннің батысы осы станция жолында жүреміз. Жыл басынан бері бізде адам басу, мал басу сияқты келеңсіз оқиғалар орын алған жоқ. 

 Бір қарағанда, теп-тегіс жатқан шойын жолда жолшылар күні бойы не істеп жүреді деп ойлауыңыз кәдік. Оны қырық жылдық жұмыс тәжірибесі бар жолшыдан сұраңыз. 

Жолдың кеңейіп кеткенін, бір жерде болты босап, екінші жерде шпалы шіріп, үшінші жерде рельс майысып жатыр ма, кәнігі жолшының қырағы көзінен ештеңе де тыс қалмайды. «Жолды тексеретін арнайы шаблонымыз бар. Айына екі рет көріп шығып, ақауларды сол шаблонмен анықтаймыз. 

Біздің жұмысымызға ең керектісі – осы құрал. Жолдың арақашықтығын, биіктігін өлшеп білеміз. Жарамайтын шпалды көрсек ауыстырамыз. Ал босап кеткен шруптарды шолушы күнделікті жіті қарап шығады», – дейді ол.

Айтуынша, болат жолдың да белгілі бір мөлшерге дейін көтеретін салмағы болады. Белгілі кезеңде кестеге сай жөндеу жүргізіліп тұрса да темір екеш темір де тозады, желінеді.

«Таңертең жиналып, сол жерде әркімге тиісті тапсырмалар беріледі. Ал шпал, рельстерді ауыстыратын болсақ, алдын ала Арыстағы ПЧ-54-ке өтінішпен шығамыз. Сол жақтан станцияға телеграфқа телеграмма келеді. Жол жабуға рұқсат бергеннен кейін ғана жолды жөндей аламыз. Арасында өзгеріс болса шаблонмен өлшейміз. Шаблонның арқашықтығы 1520 мл. Егер жолды көлденең ауыстыратын болсақ ұзақ уақыт алады. 1 км дейін 7-8 сағат жол жөндейтін кездер болады. Яғни жолда әрбір техниканың жөндеуге кететін уақыты бар. Жарты сағатта ауыстыратын да жұмыстар болады. Оған қанша адам қатысады, ол да маңызды. Бұрма бағыттамалар да кейде тозып, жарамай қалса, ауыстырамыз. Өйткені, техникалар нормативке сай болып тұруы тиіс», – дейді нағыз жолшы Сапарбек Тұрманов.

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл