Нұсқаушы-машинист жас мамандарға таулы-қырлы жолмен жүрудің үйретіп жүр

ҚТЖ келбеті
30.07.2021, 11:49
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент темір жолына қарасты Бадам станциясында атақты Арысбаевтар династиясы тұрады. Берік Арысбаев осы теміржолшылар әулетінен шыққан машинист. Берік бүгінде Шымкент локомотив айналым депосында машинист-нұсқаушы болып жұмыс істейді. Беріктің әкесі Бейбіт те машинист болған, осыдан бір жыл бұрын ғана зейнет демалысына шыққан. Еңбек жолын 2007 жылы машинист көмекшісі болудан бастаған Берік өзінің мамандығын жақсы көреді.

«Нұсқаушы ретінде локомотив бригадаларымен жұмыс жасап, білмегенін үйретеміз. Машинист көмекшісіне бірден бұл саланы алып кету оңай емес. Сондықтан көмекшіні үйретеміз, машинист етеміз, одан кейін ретімен жүк, жолаушы тасымалына дайындаймыз. Жалпы, былай айтқанда, мұғалімбіз ғой. Мамандарды дайындаймыз, оқытамыз, үйретеміз. Мен де машинист көмекшісі болып бастап, үлкен ағалардан көп нәрсені үйрендім, қазір 7 жыл болды, өз салама төселдім деп сеніммен айта аламын», – деді Берік Арысбаев.

Оның жұмыс күні әдеттегідей таңғы сағат 8-де басталады. Сосын локомотив бригадаларына нұсқау жүргізіп, келген факсограммалармен, жеделхаттармен таныстырады. Жас машинистерге теміржол ішінде профиль жолдарды таныстырып, білмегенін үйретеді. Сөз арасында теміржол саласының болашағы туралы да ойымен бөлісті.

«Қазір жолдарды жаңартып, пойыздар жылдамдығы көтеріліп жатыр. Машинист нұсқаушылардың әлеуметтік жағдайы да қазір өте жақсы. Шымкент қаласы мегаполис болғалы жалақымызды да көтерді. Жыл сайын жұмысты жақсы істесең сыйақы береді», – деген ол жастарды теміржол саласына келуге, машинист болуға шақырады.

Өйткені, теміржол – болашағы зор сала, өркендеп өсе береді, жастар болашағы бар саланы таңдап, маманданса, ешқашан жұмыссыз қалмайды, ертеңгі күніне сенімді болады. Машинист нұсқаушы Берік Арысбавтың айтуынша, жолдың сапасы жылдамдықтан байқалады. «Қазіргі таңда біз жылдамдықты 120-дан асырмаймыз. Неге десеңіз, оңтүстіктегі теміржол таулы-қырлы жермен өтеді. Ал солтүстікте, басқа жақтарда теміржол тегіс жерде орналасқан. Дегенмен, болашақта локомотивтер мен жолдар жаңарып, біз де жылдамдықты көтеретін боламыз, сағатына 140 км де жаман көрсеткіш емес» деген нұсқаушы оңтүстік машинистерінің «қас жауы» жолда жайылатын мал екенін де жасырмады. Өзінің еңбек жолында адам қағу болмағанын, бірақ өткелдерден көліктер мен қараусыз жүрген ірі малмен соқтығысып қалған жағдайлар болғанын айтты.

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл