Арыстық машинистер бір айда шамамен 167 сағат локомотив жүргізеді

ҚТЖ келбеті
23.09.2021, 09:16
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Арыс локомотив пайдалану депосының машинисі Қанат Ташибековтің айтуынша, машинистің маңдайында екі көз, желкесінде екі көз бар. Ол рас қой, бәленбай шақырымда қараусыз мал жүр, немесе теміржолды су басты, бағана құлады, істен шықты деген ескертулерді диспетчерге ең алдымен жеткізетін – машинист. Себебі, машинист локомотивті жүргізіп келе жатып ақаулы рельсті, салбырап тұрған электр желісін, бұзылған бағдаршамды, вагон қараушы мен станция кезекшілерінің кемшілігін де байқайды, қауіптің қайдан төніп тұрғанын алдымен біліп, хабар береді. Бір қызығы, кейде сол үшін өзге әріптестері машинистерді ұната бермейтін көрінеді (жұмысына килігіп, кемшілігін көріп қойғанды кім ұната қойсын).

«Ал жолшы немесе белгі беруші машинистің жұмысын білмейді. Біріншіден, оған оның қажеті жоқ, тек өзіне тиесілі рельс, бұрма бағыттары, байланысшылар үшін сигналдар, бағдаршамдар жұмысы маңызды. Машинист осының бәрін білуі керек. «Жаман айтпай жақсы жоқ деген», егер жолда ақаулы рельсті көрсек, тоқтаймыз, хабарлаймыз. Вагон бұзылса, оны да ескертеміз», – дейді машинист Қанат Аралбекұлы.

Теміржолшылар қаласында дүниеге келген Қанат әскери борышын өтеп келген 1989 жылдан бері теміржол саласында еңбек етіп келеді. Бүгінде 2 класты жүк пойыздарын тасымалдайтын машинист. Арыс қаласындағы ТЧЭ-32 - Арыс локомотив пайдалану депосынан тәулік ішінде 25 машинист жолға шығады. Олардың жол жүру көрсеткіштері сағатпен есептелетіндіктен барлық машниске теңдей етіп кестеге сай жоспар беріледі. Қанат бір айда шамамен 167 сағат, айына 12 сапар жасайды екен. Бағыты Арыс-Тараз, Арыс-Шымкент, арасында Қазығұрт станциясына да кіріп шығады.

«Жұмысқа ең азы 16 сағаттан кейін шығамыз, кейде 20-24 сағатта бір-ақ шығамыз. Бір айда нормаға қарап істейміз. Кейде мереке жоқ айларда 170 сағатқа дейін барады, ондайда жоспарды асыра орындаймыз. Бағыт шығысқа кететін болса, 24 сағат кетеді. Асып кетсе, сағаты жетпейтіндерді шақырады. Бәріне бірдей есептейді», – дейді машинист Қанат Ташибеков.

Машиниспен әңгіме барысында олар үшін ең бастысы, денсаулық пен жүйкенің тыныштығы, ұйқының қанық болуы шарт деген тұжырым естідім. Машинистер мен көмекші машинистердің жұбайларымен жиын өткізгенде де отбасында ұрыс-керістің, тағы басқа түсініспеушіліктердің болмауын баса айтады екен. Яғни, жүк және жолаушы құрамын сүйреп келе жатқан машинист жұмыстан басқаға көңілін аландатып, бөлмеуі аса маңызды.

«Өзіңіз қараңыз, жұбайымен келіспей қалып, үйінен проблемамен шыққан машинист уайымдап кетіп, жолда сигналдарды, бағдаршамды байқамай өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан, тыныш ұйқы, тұрақты көңіл-күй – машинист үшін ең басты шарт», – дейді Қ.Ташибеков.
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл