Келер жылы локомотивтерге бейнетіркегіш құрылғысы орнатылады

Қауіпсіздік
25.11.2022, 09:57
Оқуға 2 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Келер жылы Маңғыстауда локомотивтерге бейнетіркегіш құрылғысы орнатылады деп күтілуде. Бұл туралы жуырда Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінде өт- кен дөңгелек үстелде айтылды.

Осы арада, бейнетіркегіштер не үшін қажет дейтін болсақ, оның қозғалыс қауіпсіздігін сақтаумен қатар тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, шұғыл тежегіштерді, құрамдардың кестеге сай емес тұрақтарын, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды тіркеу мақсатында аса қажеттілігі жиында мәселе болып көтерілді.  

Аталған басқосу ҚР Ішкі істер министрі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бірлесе бекіткен «ҚР теміржолында қауіпсіздік деңгейін және мүліктің сақталуын арттыру бойынша 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасы» аясында өтті. Оған Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің, Маңғыстау қосалқы бөлімінің, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің, Маңғыстау локомотив пайдалану депосының, Маңғыстау жол дистанциясының өкілдері қатысып, «Жол картасының» тармақтарын орындау бойынша өзара іс-қимылдар ұйымдастыру жөнінде кеңесті.  

Теміржолдағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында адамдар мен жануарлардың теміржол үстіне шығуын болдырмау үшін темір жол бойындағы орнатылған қоршауларды жөндеу және жаңаларын орнату жөнінде жоспарлар пысықталды. Сонымен қатар көлік объектілерінде – станциялар мен бекеттерде, жолаушылар пойыздарының вагондары және мейрамхана вагондарында, локомотивтерде бейнебақылау құрылғысын орнату бойынша жұмыстар міндеттелді.  

Жедел кеңесті ашып, жиынға төрағалық еткен Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Р.Шманов, биылғы он айда 68 жедел тежеу фактісі болғанын, оның ішінде малды басып кету жағдайы 62 екенін алға тартты. Мал иесін анықтау жұмыстары барысында соның 37-сі анықталған. 2021 жылы 112 фактіден 67-сі ашылып, жауапкершілікке тартылған.  

Ал Маңғыстау локомотив депосының бас инженері М.Құдабаев 2ТЭ10МК және ТЭМ сериялық локомотивтеріне бейнетіркегіштер орнату жоспарда жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, келер жылы 37 бірлік 2ТЭ10МК және 15 бірлік ТЭМ локомотивтерінің қызмет ету мерзімі аяқталмақ. Тек 2023 жылы жаңа сериялық ТЭП33А, ТЭ33А, СКДЕKZ және KZ4 локомотивтерге бейнетіркегіштер орнату жоспарланған. «Жалпы бейнетіркегіштердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде септігі мол», – деді ол.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті