Жамбылдағы теміржолшылар қатты дауылдан бүлінген нысандарды дереу қалпына келтірді

Аймақтар
19.11.2021, 09:01
Асхат Райқұл

17 қараша күні Жамбыл облысында оңтүстік-батыс бағыттан жылдамдығы секундына 30 метрден асқан жойқын желді дауыл соғып, табиғаттың тосын мінезінен аймақ біршама шығынға ұшырады, деп хабарлайды Rail-news.kz. Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Үмітбек Рысбековке хабарласып, дәл сол сәттегі қалыптасқан ахуалды сұраған едік. Ол теміржол және теміржолшылар дін аман, ешқандай шығын орын алмағанын хабарлады.

«Теміржолдағы ішкі тәртіпке сәйкес, желдің жылдамдығы секундына 20 метрден асатын болса, біздің мамандарымыз әркез төтенше ахуалға дайындық әрекеттеріне кірісіп кетеді. Расында, кешегі желдің екпіні қатты болды. Оған айналамызда орын алған жағдай, қираған, бүлінген нысандар, құлаған ағаштарды көрсеңіз, көз жеткізесіз. Ал бөлімшеге қарайтын аумақта сондай үлкен кедергілер туындаған жоқ. Екпіні секундына 30 метрге дейін жететін жел болатыны жайлы алдын ала хабарланды, сондықтан аймақ теміржолшылары етек-жеңін жиып дегендей сақ отырды. Соның арқасында шығынсызбыз. Кейбір пойыздарды тоқтатуға тура келді, сол себептен кешігулер орын алды. Электр бағандарының бір-екі тұсы үзілгенімен, тез арада түзеп үлгердік», – деді Үмітбек Рысбекұлы.

Ал Жамбыл жол дистанциясының жауапты мамандары екі-үш станцияның шатырына аз-кем зақым келгенімен, бүгін оны жөндегендерін жеткізді. Дабыл және электр дистанциясының өкілдері де ахуалдың тұрақты екенін айтты. Жалпы, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ермек Момбаевтың айтуынша, жедел қосылған қауырт желіге анықтамалық сипатта 400, көмек көрсету бойынша 17 қоңырау түсіпті.

«Тараз қаласында қатты желдің салдарынан түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге 51 адам хабарласты, 41 зардап шегуші тексеруден кейін үйлеріне жіберілсе, 10 адам ауруханаға жатқызылды. Мұның 3-еуі бала. Сондай-ақ, Тараз қаласынан 15 шақырым қашықтықтағы Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылында қайғылы оқиға орын алды, қатты желдің салдарынан үйдің шатырынан құлаған жасөспірім көз жұмды», – деді ол.

Департамент басшысы аймақта 50 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалғанын да мәлімдеді. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары авариялық-қалпына келтіру бригадаларының күшімен жүргізілген. Оған 150-ден астам қызметкер және 35 техника жұмылдырылды. Қатты желдің салдарынан 550-ден аса жеке және көп пәтерлі үйлердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарының, әкімшілік ғимараттардың шатырлары ұшқан. Материалдық шығын мен бүлінген объектілердің нақты санын арнайы құрылған комиссия анықтайды.

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды