Атыраулықтар да құммен әлек

Аймақтар
31.05.2022, 10:56
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Құммен күрес Атырауда да өзекті болып тұр. Маңғыстаудың жал-жал құм басқан сайын даласы болмаса да жаз айларында құм суырып, топырақ басатын жерлер мұнда да бар.

Сондықтан өңірдегі темір жол бойында құммен күрес жұмыстары – әсіресе жазғы мезгілде айтулы мәселенің бірі. Әсіресе, Атырау дистанциясы телімі бойынша Атырау-Исатай, рзд. №11-Сазанқұрақ, рзд. Нарын-рзд.№14, рзд. №15-станция Аққыстау, Құлсары жол дистанциясы Құлсары-Бейнеу теліміне қарасты рзд. №60, Толтыр станциясы, рзд. №461, рзд. Шоқпартоғай, Толтыр станциясы-№465 разъезд аралығында жолды құм басу жағдайы соңғы он күндікте күшейіп тұр. Жаз шыға аңызақ жел, үнемі борап тұратын топырақ пойыздың қалыпты жылдамдықпен жүруіне кедергі келтіреді. 

Сондықтан бүгінгі таңда жолшылар бригадалары құм басқан жерлерді аршуға жұмылдырылып, олар жолды тазартуға СМ-2, СДПМ қар тазалау машиналарын қолданып жатыр. Бірақ техниканың шамасы жете бермейтін жерлерді қолмен тазалауға тура келеді. Топырақ жауын сумен араласса, балшыққа, ұзақ жатып қалса, тасқа айналады. Сондықтан оны дер кезінде аршып отырудың маңызы зор. Биылғы көктемгі тексеру барысында да осы мәселеге ерекше мән берілді және күн тәртібінен түскен жоқ. 

Бас ревизор Жәнібек Сауровтың айтуынша, аймақтың табиғи ерекшеліктеріне сәйкес батыс өңірлерінде жолдарды құмнан тазарту жұмыстарын үнемі жүргізіп отырған абзал, алайда олар соған арналған арнайы құралдармен жасалуы тиіс, әйтпесе өмірге қауіпті жағдай орын алады. Сондықтан, жолды құмнан тазарту жұмыстарын технологиялық талапқа сай ұйымдастыру қажет.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті