Теміржол нысандарында күзгі байқау жүріп жатыр

Аймақтар
23.09.2024, 11:46
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Маңғыстау қосалқы бөліміне қарасты бірнеше нысан ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Күзгі байқау кезінде осы аталған объектілерді де аралаған комиссия мүшелері жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын бақылап, жөндеуді қазан айының соңына дейін аяқтауды тапсырды. 

Айта кетсек, Маңғыстау теміржолында күзгі комиссиялық байқау қыркүйектің 12-нен басталған болатын. Әдеттегіше биыл да байқау жүргізетін комиссия мүшелері алдын ала бекітіліп, аралайтын нысандардың тізімі жасақталды. Комиссия құрамы 11 қыркүйек күні Маңғыстау станциясынан биылғы байқаудың алғашқы бағыты Болашақ-Маңғыстау теліміне жол тартқан. Маңғыстау қосалқы бөлімінің бастығы Нәжімеден Ғұбашов төрағалық ететін комиссияның құрамында сала кәсіподағы мен теміржолдың түрлі саласынан елуден астам адам бар. Олар алғашқы күндері Болашақ – Өзен, Өзен – Болашақ станциялары аралығындағы нысандарды аралады. Шаруашылықты жіті тексеріп, кем-кетігін қарады, қысқа дайындық барысын сарапқа салды. Әрі қарай Маңғыстау – Құлсары бағытына ауысып, осындай жұмыстар Құлсары – Бейнеу, Бейнеу – Тассай, Бейнеу – Оазис телімдерінде жалғасты.  

– Күзгі байқау барысында темір жолдардың, ғимараттардың,  жылу қазандықтарының, техника мен көліктердің, байланыс, электр мен СОБ құрылғыларының жай-күйіне, жұмысшылардың еңбек жағдайларына тексерістер жүргізіліп, табылған кемшіліктер бойынша сала басшыларына тапсырма берілді. Оған қоса, «Теміржолсу-Маңғыстау» мекемесі ағымдағы жөндеу жүргізіп жатқан 6 ғимараттың жай-күйі қаралды. Жұмыстарды жылдамдатып, қазан айының соңына дейін толық бітіру туралы мердігер мекемеге міндеттелді. Олар – Бейнеу ПТО ғимараты, Маңғыстау станциясындағы тауар кассасы, Маңғыстау күзет паркі, Сай-Өтестегі локомотив бригадаларының демалыс үйі, Маңғыстау локомотив депосының АБК ғимараты, Өзен станциясында техникалық қызмет көрсету пунктінің жуынатын бөлмесі, – дейді Маңғыстау қосалқы бөлімінің өндірістік бөлім басшысы Нұркен Қосымов.

Жалпы, түбек теміржолындағы күзгі байқау жұмыстары жоспарға сай, белгіленген тәртіппен жүргізілуде. Ол 2 қазанға дейін жалғасады. Әрі қарай тіркелген кемшіліктер сараланып, оны жою шаралары алынатын болады.    

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады