Бұл мереке жылдағыдан өзгерек

Аймақтар
25.03.2025, 15:22
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржолшылар қауымы биылғы Наурыз мерекесін жылдағыдан өзгеше форматта, ерекше леппен атап өтті. Аталған шараға бөлімше көлемінен, байтақ желі бойынан да қонақтар келді.  

Мерекелік шараға жиналған теміржолшы ардагерлерді қала басшылығы арнайы келіп құттықтап, жиналған жұртшылық алдында мерекелік лебіз білдірді.

Барша қалалықтар мен қонақтар алдында әуелгі кезекте Семей теміржолы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітов құттықтау сөз алды.

«Өткен жыл семейлік теміржолшылар үшін мейлінше табысты болды. Үлкен ұжым абыроймен еңбек етіп, биік белестерді бағындырды. Биыл да осы үдеден табыламыз деген сенімдемін. Алдағы уақытта да бірлесе еңбек етіп, аймағымызды дамытудың жаңа белесіне шығарамыз деп білемін. Отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», – деп жылы лебізін білдірді.  

Сонымен қатар, бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов пен Семей магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Айдын Шәуежанов та ізгі тілегін білдірді.  

Айта кетерлігі сол, вокзал алаңында теміржол мекемелерінің ұйымдастыруымен 9 киіз үй тігіліп, әрқайсысы қазақтың бай мәдениетін, тарихы мен дәстүрін паш ететін ерекше мазмұнмен безендірілді. Әр үйдің өз «алты ауызы» әнші-жыршылары келушілерді ұлттық өнермен сусындатты.  

Келушілерге мол дастархан жайылып, наурызкөже мен қымыз ұсынылды. Сондай-ақ, ақ кимешекті әжелер қауымы баршаға арнап бауырсақ үлестіріп шықты.  

Бұл күнгі мерекелік шара тек көңіл көтеруге емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүр сабақтастығын жалғастыруға да арналды. Бұл ретте Наталья Мешкова бастаған кәсіподақ ұйымының белсенділері түрлі спорттық сайыстар мен ұлтттық ойындар ойнатып, жеңімпаздарға жүлде таратты.

Мұнымен қатар, теміржол вокзалы алаңындағы үлкен сахнада ұлттық нақыштағы әндер шырқалып, би де ұйымдастрылды.

Мерекелеуге жиналған көпшілік теміржолшылар қауымының жомарттығы мен бабалардан қалған мәдени мұра мен салт-дәстүрге берік екендігіне тәнті болғаны анық.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады