Сексеуіл станциясында өткел ғимараты пайдалануға берілді

Аймақтар / Бейнелер
02.10.2025, 11:53
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сексеуіл станциясындағы теміржол өткелінде заманауи үлгідегі нысан пайдалануға берілді. Бұл бөлімше бойынша пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін артыруға қосылған үлес, теміржолшының жұмыс орынын, әлеуметттік ахуалын жақсарту шараларының бірі.

Теміржол бойындағы әр өткел қозғалыс қауіпсіздігінің алтын діңгегі. Ал сол өткелде тәулік бойы кезекшілік ететін теміржолшының жауапкершілігі мен еңбегі ерекше. Бұл жолы Сексеуіл жол дистанциясы теліміндегі күзетілетін өткелде қуанышты жаңалық орын алды, өткел кезекшісіне арналған жаңа ғимарат бой көтеріп, 30 қыркүйек күні пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Ербол Саулебеков, Сексеуіл жол дистанциясының басшысы Мұрат Байділдаев, сондай-ақ Сексеуіл кенті ардагерлер одағының төрағасы Бақытжан Жолмырзаев пен зейнеткер Ықылас Мұханбеталиев қатысып, жаңа нысанның лентасын қиып, бата берді.

Жаңа өткел ғимараты – жай ғана нысан емес, ол еңбек адамдарының қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда жұмыс істеуіне арналған игілікті іс. Мұнда өткел кезекшісіне қажетті барлық жағдай қарастырылған: жылыту жүйесі, демалыс бұрышы, байланыс құралдары мен жарықтандыру толық қамтамасыз етілген.

«Бұл нысан біздің теміржолшылардың қауіпсіздік мәдениетін нығайтып, өткел күзетшісінің жұмысын жеңілдетеді. Қолда бар мүмкіндік шеңберінде жолдың да, жолшының да бабы жасалып жатыр, аймақ бойынша бұл үшінші нысан. Бұған дейін Бәйгеқұм, Қамыстыбас станцияларындағы өткел кезекшілерінің ескі ғимараттары сүріліп, жаңадан заманауи тұрғыда қайта салынып пайдалануға берілген болатын. Ең бастысы пойыз қозғалысының қауіпсіздігін сақтау біздің ортақ мақсатымыз», - деді ашылу кезінде Ербол Саулебеков.

Сексеуіл жол дистанциясы аймақтағы ең жас дистанция болғанымен теміржол дәстүрі мен еңбек жолының тоғысқан мекеніне айналып отыр. Осы үрдіске сай өткелдің ашылу салтанаты кезінде де теміржолшы кәсібінің қыр-сыры тілге тиек сала ардагерлері, дәстүр бойынша жастарға, ұжымға бата берді. Салалық кәсіптің майталмандары болған зейнеткерлер мен шараға жиналғандарға ұжымның кәсіподақ ұйымы атынан құрмет көрсетіліп ардагерлердің батасы алынды. Мұндағы әрбір жаңалық, әсіресе қауіпсіздік саласындағы жаңғыртулар теміржолшылар еңбегіне көрсетілген құрмет.

Өткел теміржол өмірінің кішкентай ғана бөлігі болып көрінгенімен, оның маңызы зор. Себебі дәл сол өткелде күн сайын жүздеген пойыз, мыңдаған жолаушының тағдыры қозғалыс қауіпсіздігіне байланысты. Сондықтан жаңа өткел пунктінің ашылуы аймақ теміржолшыларының кәсіби еңбегінің тағы бір жемісі.

Сексеуілдік жолшылардың бұл еңбегі теміржолдағы тұрақтылықтың, тәртіптің және қауіпсіздіктің нышаны.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды