Жүрек қалауы – теміржол

Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Уыздай жас кезінде таңдаған мамандығына адал болып қалған Гүлмира Жүнісова бүгінде Белкөл станциясындағы сенімді теміржолшылардың біріне айналды. Отыз жылдан астам уақыт станцияда табан аудармай еңбек ету оның кәсібіне деген құрметі мен жауапкершілігінің айқын дәлелі емей не?!  

Жаңақорған өңіріндегі Төменарық станциясы маңында көпбалалы Жұмабай ақсақалдың шаңырағында 56 жыл бұрын дүние есігін ашқан Гүлмира үшін темір жол – бала күнінен таныс саласы.1988 жылы білім іздеп Ресейге аттанып, Қуйбышев теміржол училищесіне түседі.  Осы білім ошағынан станция кезекшісі мамандығын игеріп шығады. Арман қуған жас маман еңбек жолын осы облыстың Мыльная станциясында бастап, бір жарым жыл станция кезекшісі болып еңбек етеді  Бұл жас қыз үшін үлкен тәжірибе мектебі болды. Пойыз қозғалысының ырғағы, диспетчерлік пәрмен, жолаушы мен жүк қауіпсіздігі, т.б. жас маманның кәсіби болмысын қалыптастырды.

1991 жылы туған елге оралып, Белкөл станциясына техникалық кеңсе   операторы болып орналасады. Ал 1993 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін осы станцияның кезекшісі қызметін абыроймен атқарып келеді. Отыз жылдан асқан табанды еңбек, бір мекемеде, бір орында үздіксіз қызмет ету – кез келген жанның маңдайына жазыла бермейтін кәсіби адалдықтың айғағы.

Гүлмираның әулет аманаты мен қарапайым еңбекке деген адалдықты ұстануына, теміржол саласын таңдауына жол шаруашылығында еңбек еткен ағасы  Оразбек Жүнісовтің ықпалы болғаны анық. «Ағам секілді теміржолшы болсам» деген ой жас Гүлмираның жүрегіне ерте ұялаған.

Жалпы, бұл болат жолмен біте қайнасқан әулет. Жолдасы Ердәулет Ортеков те теміржолшы әулеттен шыққан, Қызылорда станциясында қызмет атқарған.  

Станция кезекшісінің жұмысы сырт көзге қарапайым көрінгенімен, оның артында үлкен жауапкершілік жатыр. Әр пойыздың қозғалысы, әр бағыттаманың дұрыс қойылуы – қауіпсіздіктің кепілі. Гүлмира Жүнісова үшін бұл жай ғана қызмет емес, бұл – аманат. Белкөл станциясында ол талай буын жас мамандарға үлгі болды.  

– Темір жол – төзімділікті, тәртіпті, сергектікті талап ететін сала. Осы қасиеттердің бәрі Гүлмираның бойынан табылады. Таңғы ауысым болсын, түнгі кезекшілік болсын, ол үшін ең бастысы – пойыздардың қауіпсіз қозғалысы. Қашан да ширақ, жинақы, жұмыс орны тап-тұйнақтай, ұқыпты, – дейді станция бастығы Сұлтанахмет Жантөреұлы.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда