Қызылордалық теміржолшылар нәзік жандарға құрмет көрсетті

Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары салада табанды еңбек етіп жүрген аналар мен аруларға құрмет көрсетіп, олардың маңдай терімен келген еңбегі үшін алғыс айтып құрметке бөледі.

Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде ерекше ілтипатпен атап өтілді. Мәжіліс залында ұйымдастырылған мерекелік жиын теміржол саласында табанды еңбек етіп жүрген нәзік жандарға көрсетілген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

Залға жиналған қауымды мерекелік әуенмен қарсы алған теміржолшылар анаға деген құрмет пен әйел затына деген ілтипат жайлы жүрекжарды сөздерін арнады. Шараның шымылдығы ашылған сәттен-ақ ұжымдағы сыйластық пен татулықтың жылы лебі сезілді.

Алғашқы құттықтау сөз «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі филиалының директоры Ербол Саулебековке берілді. Ол өз сөзінде аймақ теміржолының дамуына әйелдердің қосып отырған үлесі зор екенін атап өтіп, өндірістің қай саласында болмасын арулардың еңбегі жауапкершілікпен атқарылып келе жатқанын айтты.

«Теміржол – темірдей тәртіп пен табандылықты талап ететін күрделі сала. Осындай жауапты қызметте ер азаматтармен қатар еңбек етіп жүрген әйелдердің еңбегі әрдайым құрметке лайық. Сіздер ұжымның берекесі, шаңырақтың шырағысыздар», - деді бөлімше басшысы.

Салтанатты жиында сала қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағаланып, бірқатар мамандар марапатқа ие болды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Магистральдық желі дирекциясының инфрақұрылым бойынша басқарушы директоры Сәкен Рахметовтің Алғыс хатымен Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің жетекші инженер-технологы Саида Әбіжәлелова, Қызылорда жол дистанциясының технигі Нұрбибі Әгібаева, Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Шолпан Мақанова, сондай-ақ байланыс электромеханигі Айзат Тынысбек марапаттын бөлімше бастығы табыс етті.

Теміржол саласының жоғары марапаттарының бірі «Адал еңбегі үшін» төсбелгісі Жалағаш вокзалының вокзал бойынша кезекшісі Зәуре Алайдароваға табысталды. Бұл көп жылғы мінсіз еңбек пен кәсіби шеберліктің лайықты бағасы.

Автоматика, телемеханика және телекоммуникация департаментінің директоры Данияр Әлкеновтің Алғыс хатымен Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Клара Қаналиева марапатталды.

Сондай-ақ бөлімше директорының Алғыс хатымен Қызылорда вокзалының хабарлаушысы Айнұр Маханбетова, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жетекші инженер Бақыткүл Саидова, жетекші инженер Бибігүл Қаппарова, Белкөл станциясының қызметкері Айман Оразбаева, қалпына келтіру пойызының жолсерігі Дана Сүнқарбаева, АСУ диспетчері Индира Нағызбаева, құжаттарды өңдеу операторлары Күлбибі Пірмағанбетова, Айнұр Иманбердиева, Құралай Әлкеева, инженер Раиса Сембиева, жол дистанциясының технигі Кенжегүл Бахрадинова, байланыс электромеханиктері Татьяна Голенко мен Перизат Оспанова марапат төрінен көрінді.

Мерекелік жиында ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі ұжымдағы тазалық қызметкерлеріне көрсетілген құрмет болды. Бөлімше басшысы өз сөзінде:

- Біздің ұжымның жұмыс орнының таза әрі жайлы болуына адал еңбек етіп жүрген азаматшаларымыз бар. Сол кісілерді бүгінгі мерекемен құттықтауға рұқсат етіңіздер, - деп олардың еңбегіне арнайы тоқталған бөлімше бастығы, олардың да нағыз теміржолшылармен қоянқолтық жұмыс жасап жүргенін құрметпен атады.

Осылайша ұжымның тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етіп жүрген Құралай Қырғызбекқызы, Нұргүл Ақбергенқызы және Жанымкүл Ұзақбайқызы мерекелік құрметке бөленді. Шын мәнінде, олар теміржолшылардың күнделікті жұмысының қалыпты жүруіне өз үлестерін қосып жүрген қарапайым да қадірлі еңбек адамдары.

Жиында Қазақстан теміржолы кәсіподағы Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, әйелдер қауымының ұжымдағы орны айрықша екенін атап өтті.

Сондай-ақ Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының сенімділік тобының инженері Гүлжан Нұрманова, жетекші инженер Гүлайым Баймүкерова, жүк және арнайы вагондарды алып жүру жөніндегі жолсерік Рухия Әбілейсова, вокзал шаруашылығы бөлімінің бастығы Сания Жұмағұлова, Қызылорда станциясы кезекшісінің жанындағы оператор Айсұлу Мырзашова да мерекелік құрметке ие болды.

«Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналар өмірдің шырағы. Егер мүмкіндік болса, жер бетіндегі бар гүлді аналарға сыйлар едік, аспандағы жұлдыздарды да тарту етер едік. Ана – әлемдегі ең сүйікті, ең қымбат, ең адал жан», деген бөлімше теміржолшыларының тұжырымды тілек, жүрекжарды сөздері, мерекелік тағзымы залға жиылған аруларға, жалпы аймақтағы әйел затына арналды.  

Тәртіп пен төзімділікті талап ететін күрделі қызметте ер азаматтармен қатар еңбек етіп жүрген әйелдердің орны ерекше. Олар өндірістің де, отбасының да берекесін сақтап жүрген жандар. Сондықтан нәзік жандарға құрмет көрсету тек мерекелік дәстүр ғана емес, еңбекті қадірлеудің айқын белгісі.

Мерекелік облыстық мәдениет саласы қызметкерлерінің ән-шашумен өрнектеліп, әсем әуендер залға ерекше көңіл күй сыйлады. Салтанатты жиынға қатысушыларға бөлімшенің кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтар тарту етілді, арулар естелік суретке түсіп, мерекелік басқосу көтеріңкі көңіл күймен қорытындыланды.

 

Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды
Жүк тасымалы
09.07.2026
Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде
Жаңалықтар
09.07.2026
Елімізде астық экспорты 13%-ға артты
Аймақтар
09.07.2026
«Сарыағаш» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары тамыз айында аяқталады
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ паркі маусым айында 50 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.07.2026
Алматы-1 теміржол вокзалын қайта құруға 500-ден астам жұмысшы тартылды
Әлемде
08.07.2026
Армения Түркия және Әзербайжан шекараларына апаратын теміржол желілерін қалпына келтіре бастады
Жаңалықтар
08.07.2026
Тәртіп сақшылары балаларды теміржол бойында абай болуға шақырды